Нұрпейісов Дархан ҚадырбайұлыFarabi University

51

Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы

24 сәуір, 2025

Туған күні: 1974 жылғы 6 сәуір
Туған жері: Талдықорған қаласы, Қазақ КСР

Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Білімі мен ғылыми дәрежелері:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік дипломмен бітірген (1996 ж.)
  • Заң ғылымдарының кандидаты (1999 ж.)
  • Заң ғылымдарының докторы (2009 ж.), диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық-құқықтық мәселелері»
  • Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дың Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (2008 ж.)

Кәсіби қызметі:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы, доцент (1996–2003)
  • «Казкоммерцбанк» АҚ-да заңгер (1996–1997)
  • «Имашев және серіктестері» заң фирмасында және «Агроцентр» ЖШС-де жетекші заңгер, корпоративтік реттеу және банк ісі бөлімінің бастығы (1997–1999)
  • «Саят, Жолшы, Дархан және Бадо» заң фирмасының вице-президенті (негізін қалаушы серіктес) (1999–2002)
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі (2002–2005)
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Әділет институты директорының орынбасары (2005–2006)
  • Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (2006–2011)
  • ҚР Ұлттық Банкіндегі РФО дамыту комитетінің төрағасы, РФО және ислам қаржыландыруды дамыту департаментінің директоры, Әкімшілік департамент директоры (2011–2016)
  • «Legal Protect» ЖШС заң компаниясының бас директоры (басқарушы серіктес) (2016–2018)
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарма төрағасының кеңесшісі (2019–2022)
  • Қазақстан Республикасының Банктік омбудсмені (2023 жылғы шілдеден бастап)

Марапаттары мен жетістіктері:

  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі
  • Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендия (2002–2004)
  • М. Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми жұмыстар үшін жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (2005 ж.)
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы (2006 ж.)
  • Кембридж халықаралық өмірбаяндық орталығы ұйымдастырған халықаралық байқаулардың лауреаты: «21 ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалы» және «21 Century Award for Achievement» (2002–2003 жж.)

Басқа жаңалықтар