Сапалы білім – жарқын ұлт болашағының кепілі

2025 жылдың 24 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, Түркітану мамандығы 3 курс студенттерінің қатысуымен М.О. Әуезов мұражайында “Сапалы білім – жарқын ұлт болашағының кепілі” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Кездесу барысында түрікмен студенттерге қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны,шығармашылық жолы жайында ақпарат айтып өттік.Сонымен қатар олар жазушының жұмыс бөлмесін, қолжазбаларын, жеке заттарын және бай кітапханасын тамашалады. Әсіресе, «Абай жолы» эпопеясының соңғы нүктесі қойылған жұмыс үстелі мен Мұхтар Әуезовтің өз қолымен отырғызған бағы ерекше әсер қалдырды.Мұражай қызметкерлері студенттерге жазушының өмірінің соңғы он жылын өткізген бұл үйдің тарихы мен онда сақталған құнды жәдігерлер туралы кеңінен әңгімелеп берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген зор қызығушылықтарын білдірді.
Бұл сапар түрікмен студенттері үшін қазақ халқының рухани мұрасымен танысып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлес қосады деген сенімдеміз.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары Кудьярова Ш.Т. және Түркітану мамандығының 1 курс магистранттары Егемберді Гүлназ, Маханбетова Гүлсезім және 3 курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

