«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының студенттері Cybersecurity Challenge олимпиадасында I орынды иелендіFarabi University

51

«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының студенттері Cybersecurity Challenge олимпиадасында I орынды иеленді

19 сәуір, 2025

«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының студенттері университетішілік Cybersecurity Challenge олимпиадасында I орынды иеленді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының студенттер командасын Г.Даулеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті ұйымдастырған жоғары оқу орындары арасындағы «Cybersecurity Challenge» олимпиадасындағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз.

Сайыс нәтижесінде құрамында тек қыздар бар команда киберқауіпсіздік саласында жоғары дайындық деңгейін, тамаша практикалық дағдыларын көрсетіп, қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді.

ҚазҰУ командасы 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен грамоталарға ие болды.
Команда құрамы: Арыстанова Жансұлу, Арғынбай Алжан, Қайырхан Жансая. Команда жетекшісі: Жұмабекова А.Т.

Бұл жеңіс – кафедра студенттерінің жоғары дайындық деңгейінің жарқын дәлелі және кәсіби табыстарға бастар маңызды қадам. Болашақта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!