Рухани мәдениеттің өзегіFarabi University

51

Рухани мәдениеттің өзегі

25 наурыз, 2025

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шең­бе­рінде «Сапалы білім беру» бағыты бойын­ша Философия кафе­драсы студент­тер арасында «Құн­ды­лықтар – рухани мәдениеттің өзегі» тақырыбында фа­куль­тетаралық шы­ғармашылық-интеллектуалдық сайыс өткізді.
Сайысқа механика-ма­те­матика, биология және биотехнология факуль­тет­терінің 2-курс студент­те­рі­нен құрылған төрт команда белсене қатысып, таным­дық және шығармашылық қабілетін ортаға салды. 
Философия кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдіс­те­мелік және тәрбие жұ­мы­сы жөніндегі оры­н­ба­са­ры Ж.Бе­кенова, ғы­лыми-инно­ва­циялық қызмет және ха­лықаралық ынтымақтастық жө­ніндегі орынбасары Р.Зей­нуллин және кафедра аға оқытушылары Қ.Нұрға­лиев, Д.Балабекұлы сайыс­қа төрелік етіп, атсалысты. 
Студенттер сайысы үш тур­дан тұрды. Таныстыру мақ­сатындағы бірінші тур­да топтар жеребе арқылы берілген ұлттың ұлттық құн­­дылықтарын ескере оты­­рып, мәдени ерекше­лік­терін айшықтап көрсетті. «Үй тапсырмасы» деп ата­ла­тын екінші тур үйден да­йындап келген, әр ұлттың ұлттық құндылығын дәріп­тей­тін өзіне тән салт-дәс­түрі деп аталды. Бұл бө­лі­м­нің негізгі тапсырмасына сай әр топқа өздері таныс­тыр­ған халықтың мәдениеті мен құндылықтары жайын­да сұрақтар қойылып, әр ха­лықтың дүниетанымдық көз­қарасына кеңінен тоқ­тал­ды. 
Сайыс барысында сту­дент­тер берілген тапсыр­ма­ны жоғары деңгейде орын­дап, өте жақсы дайын­дық нәтижесін көрсетті. Ел­дің ертеңі жас маман­дар­дың қолында десек, сол жас маманның тұлғалық қа­лыптасуына университет қа­бырғасынан қалыптасқан тәжірибе аса маңызды бол­мақ. Себебі ұлттық құн­ды­лық­тар – болашақ ұрпақ тәр­биесіндегі басты негіз екені әмбеге аян. Демек, дә­ріптеген танымдық сабақ өз мақсатына жетті. Әділ­қа­зылардың шешімімен бас жүлде биология және био­технология факуль­теті­нің студенттерінен құрал­ған «Сан­сара» коман­да­сы­на, 1-орын ме­ха­ника-ма­те­ма­ти­ка факультетінің «Фуд­зия­ма» командасына, 2-орын­дар екі факуль­тет­тің «Пифагор» және «Ой­да­рия» командаларына бұ­йы­­рып, олар диплом­дармен мара­пат­талды. 

Гүлнар СЕМБАЕВА, 
Жадыра ҚАЗИЕВА,
Философия&Բ;
кафедрасының&Բ;
аға оқытушылары