
“Механика” кафедрасында жүзеге асырылатын “8D05403-Механика” білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Сапарова Молдир Рахметуллақызы 2025 жылдың 15 қаңтарынан 15 сәуіріне дейін Варшава (Польша) қаласындағы Варшава жаратылыстану ғылымдары университетінде (SGGW) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында докторант ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халықаралық тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында Польшаның Познань қаласында өткен Қолданбалы математика және механика халықаралық қауымдастығының 95-ші жыл сайынғы ғылыми кеңесіне қатысып, «Айнымалы массалы көп дене мәселесіндегі орбиталық элементтердің ғасырлық ұйытқуы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Аталған тағылымдама және ғылыми қызмет докторанттың ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және білім мен ғылым саласындағы жаһандық интеграцияға үлес қосуға бағытталған. Бұл жұмыс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттарына сәйкес келеді:
• ЦУР 4 — Сапалы білім: ғылыми тағылымдама мен халықаралық конференцияларға қатысу арқылы докторанттың кәсіби дамуы мен білім сапасы артты.
• ЦУР 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: механика саласындағы зерттеулер арқылы инновациялық ғылыми шешімдер әзірлеуге ықпал етеді.
• ЦУР 17 — Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік: халықаралық серіктестік орнатып, ғылыми байланыстарды нығайтады.
Ахметова Б.И.,
Туралина Д.Е.
Механика кафедрасының меңгерушісі
Басқа жаңалықтар

