Қиыр Шығыс кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының “Сапалы білім беру” бағыты аясында ашық тәрбие сағаты өткізілдіFarabi University

51

Қиыр Шығыс кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының “Сапалы білім беру” бағыты аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді

22 сәуір, 2025

2025 жылғы 22 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының “Сапалы білім беру” бағыты аясында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара «Шығыс даналығы және бүгінгі Корея: Конфуций ілімі XXI ғасырда» тақырыбына арналды. Тәрбие сағаты «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттеріне өткізілді. Шара барысында конфуцийшілдік ілімінің негізгі қағидалары мен оның қазіргі Оңтүстік Корея қоғамындағы ықпалы талқыланды. Студенттермен интерактивті талқылау, сұрақ-жауап және тақырыпқа сай презентация көрсетілді. Тәрбие сағатының мақсаты – шығыс философиясының қазіргі дәуірдегі маңызын түсіндіру және студенттердің мәдени-танымдық көкжиегін кеңейту болды.

 

&Բ;Ұйымдастырушы:
«7М02217 – Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранты – Бидакмет А.Н.
Жетекші оқытушы:
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы – Ташкенбаева Б.Ж.