PriceFeed стартапының бас директоры Марат Балабековпен кездесу өтті
.jpg)
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер PriceFeed стартапының негізін қалаушысы әрі бас директоры, университет түлегі Марат Балабековпен кездесті.
Кездесу барысында Марат өз кәсіпкерлік жолы, PriceFeed стартапының құрылу тарихы және компанияның басты мақсаты туралы айтты. Стартап маркетплейстердегі тауарлар бойынша сапалы аналитика ұсынуға бағытталған. Студенттер баға мониторингі, бәсекелестік талдауы, деректерді жинау мен өңдеу үдерістері туралы құнды мәліметтер алды.
Кездесу интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, стартап құру мен деректерге негізделген шешім қабылдау бойынша құнды кеңестер алды.
Бұл шара студенттер үшін университет түлектерінің табыс тарихымен танысып, кәсіпкерлік рухты сезінуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

