- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында "Бір беттік кітап" жобасының авторы Мехди Миразимимен кездесу өтті
Тұрақты даму мақсаттарының «Тұрақты даму үшін серіктестік» тармағы аясында "Бір беттік кітап" жобасының авторы Мехди Миразимимен кездесу өтті

2025 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен Иранның Алматыдағы Мәдени өкілдігінің ұйымдастыруымен әйгілі ирандық қаламгер, «Бір беттік кітап» жобасының авторы Мехди Миразимимен кездесу өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен ирантану бөлімінің студенттері қатысты. Кездесуді Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Дариға Молдағалиқызы Көкеева ашып, қонақтарға жылы лебізін білдіріп, Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени және әдеби байланыстардың маңыздылығына тоқталды. Ол «Бір беттік кітап» жобасы жастарға ой салып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыратынын атап өтті. Еркін форматта өткен бұл мәдени басқосу барысында студенттер парсы тілінде өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Жас ирантанушылар жазушыға түрлі сұрақтар қойып, парсы әдебиеті мен қазіргі иран қоғамы туралы пікір алмасты. Кездесу өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Мехди Миразими студенттердің белсенділігіне ризашылығын білдіріп, жастардың әдебиетке, тіл үйренуге деген қызығушылығы көңіл қуантатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол әрбір студентке есімдерін парсы каллиграфиясымен жазып, естелік сыйлық жасады. Кездесу аясында «Бір беттік кітаптың» қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба аясында парсы тілінен аударылған шағын әңгімелер қазақ оқырмандарына жол тартты. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, әсерлі кештен рухани байып, жақсы көңіл күймен тарқасты.
Басқа жаңалықтар

