ТДМ-3: Нашақорлыққа қарсы «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өттіFarabi University

51

ТДМ-3: Нашақорлыққа қарсы «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы өтті

3 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жастардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ-3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат) аясында жүзеге асырылды.

Акция аясында студент жастар ақпараттық сессиялар мен ашық пікірталастарға қатысып, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі тұтынудың физикалық, психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушылар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған интерактивті челлендждерге белсенді түрде атсалысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру, саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыру және денсаулықты сақтау мәдениетін дамыту.

ҚазҰУ белсенді, салауатты және саналы жастарды тәрбиелеуге бағытталған кез келген бастаманы әрдайым қолдайды. Біз әрбір азаматты денсаулықты, білімді және жарқын болашақты таңдауға шақырамыз! 

«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы – бұл тек ақпарат беру ғана емес, болашақ буынды зиянды әдеттерден қорғайтын саналы, белсенді азамат ретінде қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс.