«Қазіргі криптоалгоритмдердің тұрақтылығын бағалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарыFarabi University

51

«Қазіргі криптоалгоритмдердің тұрақтылығын бағалау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары

18 сәуір, 2025

2025 жылғы 7–19 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Қазіргі криптоалгоритмдердің тұрақтылығын бағалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курстарды «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасы Жоғары біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Лекциялар мен практикалық сабақтарды техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ищукова Евгения Александровна жүргізді. Курстарға ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары қатысты. Жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрайтын курс үш негізгі модульді қамтыды:

  • криптография негіздері және криптоанализ әдістері;

  • криптографиялық жүйелерге қазіргі шабуылдар;

  • криптоанализде машиналық оқытуды қолдану.

Курс барысында кванттық есептеулер дамып келе жатқан жағдайдағы криптоалгоритмдердің тұрақтылығын бағалауға, сондай-ақ шифрлау, хэштеу және цифрлық қолтаңба алгоритмдерінің тұрақтылығын талдау әдістерін тәжірибе жүзінде меңгеруге ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар практикалық тапсырмаларды орындап, типтік шабуылдарды үлгіледі, Python бағдарламалау тілін және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданды. Білім беру процесі интерактивті форматтарда өтті: шеберлік сабақтары, пікірталастар, шағын топтардағы жұмыстар және жеке тапсырмалар.

Курс соңында қатысушылар аналитикалық есептер дайындап, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар алды.