ТМД-4: «Қыз Жібек» жыры: мазмұны, зерттелуі, жариялануы» тақырыбында ашық дәріс және семинар сабағы өткізілдіFarabi University

51

ТМД-4: «Қыз Жібек» жыры: мазмұны, зерттелуі, жариялануы» тақырыбында ашық дәріс және семинар сабағы өткізілді

17 сәуір, 2025

2025 жылдың 17 сәуірінде  4-ТДМ «Сапалы білім» бағыты аясында университет қабырғасында «Қыз Жібек» жыры: мазмұны, зерттелуі, жариялануы» атты ашық дәріс және семинар сабағы ерекше серпінмен өтті. Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к. С.Б. Тлеубаев, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02313 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Г.М. Асқарова ұйымдастырды.
Аталған ашық сабақтар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, «Қыз Жібек» жырының зерттелуі, жинақталуы, жариялануы, нұсқалары бойынша тың ақпараттарды меңгеруге мүмкіндік берді. Ашық дәріс барысында оқытушы дәстүрлі баяндау тәсілдерін заманауи білім беру технологияларымен шебер ұштастырып, мультимедиалық материалдарды интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып, тың әрі мазмұнды деректермен бөлісті.
Ал семинар сабағында студенттер «Қыз Жібек» жырын талдау барысында топтық жұмыс, презентация, Padlet секілді платформаларды тиімді пайдаланды. Оқытушы мен студент арасындағы диалогтік қатынас, еркін пікір алмасу, шығармашылық көзқарасты дамыту – семинардың ерекшелігі болды.
Сабақ соңында студенттер «Қыз Жібек» жырын қазіргі заманмен байланыстыра отырып, оның идеяларының өзектілігін дәлелдеді. Студенттердің белсенділігі, жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісі – сапалы білім берудің айқын көрсеткіші екені сөзсіз.
Ашық дәріс және семинар сабағы – ұлттық әдеби мұраны заманауи форматта меңгеруге жол ашып, 4-ТДМ мақсатына сәйкес сапалы білім беру бағытында нәтижелі қадам болды.