«Үздік коллоидник-2025»Farabi University

51

«Үздік коллоидник-2025»

23 сәуір, 2025

Қазақстанның коллоидтық химия мектебінің негізі химия және химиялық технология факультетін 1972 жылы университет ректоры Ө.А. Жолдасбеков қолдауымен Химия факультетінің деканы, ҚазССР корреспондент-мүшесі Б.А. Бірімжанов бастамасы бойынша құрылған. Сол құрылған жылдан бері кафедраның негізін салушы Қ.Б. Мұсабеков 8 ғылым докторларын, 40 астам ғылым кандидаттарын және 8 астам PhD-докторарын қорғатып, осы жолды ары қарай шәкірттері жалғастырып келе жатыр.

2024 жылдан бері кафедрамызда жоғарғы курс студенттерінің арасында «Үздік коллоидник» атты Республикалық олимпиада өту дәстүрге айналды. Олимпиада теориялық, практикалық турдан тұрып, екі күнге жалғасады. Жалпы курста алған білімдерін сынап, олимпиадаға қатысатын студенттер саны артуда.

2025 жылғы олимпиадаға (10-11 сәуір 2025) басқа да ЖОО-нан студенттер тіркеліп, іріктеу барысында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттері қатысуға жолдама алды. Қатысушыларға сертификаттар, ынталандыратын сыйлықтар әзірленді.

Сонымен қатар 3-ші және 4 курс студенттерінің арасында озық 5 студент 1-3 орындарды өзара иеленіп, І-ІІІ дәрежелі диплом және қаржылай сыйлықтармен мараппатталды. Мұндай олимпиадалар студенттер үшін алған білімдерін шыңдап, жарыс нәтижесі арқылы білімдерін тұжырымдауға мүмкіндік беретіні анық.