- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тәжірибе мен ынтымақтастық: Химия мамандығы студенттерінің кәсіби бағыттағы сапары
Тәжірибе мен ынтымақтастық: Химия мамандығы студенттерінің кәсіби бағыттағы сапары

2025 жылдың 19 наурызында ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» және үздіксіз өндірістік практика бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В05301-Химия мамандығының 4-курс студенттері химия және химиялық технология факультетінде тәжірибемен алмасу барысында факультеттің толық құрылымымен танысты. Әр кафедраның ғылыми бағыты, түрлі зертханалар, оқу үдерісі, заманауи құрылғылар және олармен жұмыс істеу сынды үдерістермен танысты.
ылыми жобалар, олардың орындалуы мен нәтижелері жайлы толық ақпарат алу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы" және "Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми зерттеу институтымен" танысты. Әртүрлі бағытта орындалатын ғылыми жұмыстарға қызығушылық білдіріп, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Басқа жаңалықтар

