ТДМ-4: «Авторлық мәтін және режиссер» ашық дәрісі өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025 жылдың 1 сәуір күні 4-ТДМ «Сапалы білім» бағыты аясында «Әдебиет және театр» пәнінен ұйымдастырылған «Авторлық мәтін және режиссер» атты ашық дәріс сабағы мен «Режиссердің мәтінмен жұмыс істеу жайы» тақырыбындағы ашық семинар сабағы жоғары деңгейде өтті. Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары, ф.ғ.к. П. Қ. Бисенбаев, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «7М02313 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты К. К. Амангельдина ұйымдастырды.
Аталмыш дәріс пен семинар сабағы студенттердің пәнге деген ынтасын арттырып, авторлық мәтін мен режиссер шешімінің аражігін ажыратуға көмектесті. Театр өнерінің басталуы мен даму тарихы туралы сұрақтар талданып, түрлі жаңа инновациялық технологиялар қолданылды.
Ал семинар сабағында студенттер режиссердің мәтінмен жұмысын талқылап, түрлі мақалаларды жаңа әдіспен түсіндіре отырып, презентация, Wordwall секілді платформаларды тиімді пайдаланды. Оқытушы мен студент арасындағы байланыс еркін әрі дискуссиялық түрде жүрді.
Сабақ соңында студенттер топтық тапсырмалардан жеке тапсырмаларға ауыса отырып, қазіргі таңдағы қойылымдардың ерекшеліктерін атап, олардың мәтінімен жұмыс жасады.
Ашық дәріс пен семинар – болашақ мамандардың бұл саладағы білімін арттырып, ТДМ-4 бағытына сәйкес сапалы білім беру бағытында нәтижелі қадам болды.
Басқа жаңалықтар

