- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы мен Түркия Республикасы Білім министрлігінің білім жөніндегі атташесі бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Түрік тілі мен мәдениеті апталығының» салтанатты ашылуы өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы мен Түркия Республикасы Білім министрлігінің білім жөніндегі атташесі бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Түрік тілі мен мәдениеті апталығының» салтанатты ашылуы өтті.

2025 жылғы 11 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы мен Түркия Республикасының Білім министрлігіне қарасты Білім жөніндегі атташелігі бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Түрік тілі мен мәдениеті апталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Білім жөніндегі атташесі Айхан Коркмаз мырза мен Қауіпсіздік жөніндегі атташесі Гюрдал Екуш мырза қатысты. Қонақтарды факультет ұжымы ерекше ықыласпен қарсы алып, түрік мәдениетінің атмосферасын танытатын ұлттық музыкалық аспаптар мен дәстүрлі киімдер ұсынылды.
Апта аясында ұйымдастырылған «Әлем әуендеріндегі музыка: түрік музыкасы» атты концерт көрермен қауымға Түркияның бай әрі терең музыкалық мұрасын таныстыруға бағытталды. Салтанатты шараға Шығыстану факультетінің деканы, доцент Ем Наталья Борисовна, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаевич, кафедра меңгерушісінің доцент м.а., кафедра меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD, Халел Агнур және ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD, доцент Дулаева Эльнара Зильпикаровна қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары мен студенттері де белсенді түрде атсалысты.
Іс-шара барысында кафедра студенттері Түркияда атап өтілетін Аналар күніне арналған өлең жолдарын оқып, ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрік әндерін орындады. Бұл көрініс көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Шараның қорытынды бөлімінде факультет деканы Ем Наталья Борисовна түрік тарапымен мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір білдіріп, оның маңыздылығын атап өтті. Кафедра меңгерушісі Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаевич факультеттің және кафедраның қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, екіжақты әріптестікті нығайту қажеттігін айтты.
Білім атташесі Айхан Коркмаз мырза университет студенттері мен оқытушылары үшін мазмұнды дәрістер оқып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Шығыстану факультеті мен Түркия университеттері арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды дамыту, соның ішінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы:
Э.З. Дулаева А. Халел
Басқа жаңалықтар

