- Басты бет
- Жаңалықтар
- Erasmus+ бағдарламасы аясында Вильнюс университетінің лекторының Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының студенттерімен кездесуі
Erasmus+ бағдарламасы аясында Вильнюс университетінің лекторының Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының студенттерімен кездесуі

2025 жылғы 22 сәуірде Шығыстану факультетінде түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының студенттері Erasmus+ халықаралық академиялық бағдарламасы аясында шақырылған лектор — Литваның Вильнюс университеті Азия және трансмәдени зерттеулер институтының зерттеушісі Натэла Статкянемен (Natela Statkienė) кездесті.
Доктор Статкяне өз сапары барысында кафедраның оқу үдерісімен танысып, оқытушылардың сабақтарына қатысып, түрік тілін шетелдіктерге оқыту бойынша тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Натэла Статкяне Вильнюс университетінде түрік тілін шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын әдістемелері мен тәсілдері туралы айтып, Erasmus+ бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырды.
Кездесуге кафедра меңгерушісінің ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары доцент Э.З. Дулаева, оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Халел, сондай-ақ кафедра оқытушылары қатысты. Олар академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін белсенді талқылады.
Н.Н.Қайранбаева
Басқа жаңалықтар

