ТДМ-17: «Көпұлтты қоғамдағы мәдени сан алуандылық – бірлік пен келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өттіFarabi University

51

ТДМ-17: «Көпұлтты қоғамдағы мәдени сан алуандылық – бірлік пен келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18 ақпан, 2025

Университетіміздің  қабырғасында 18 ақпан күні «Көпұлтты қоғамдағы мәдени сан алуандылық – бірлік пен келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қатысты. Бұл жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.

Жиынды Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Тұрдыбүбі Масымжанқызы Қазақбаева ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Хожаев Марат Айварович «Мәдени дамудың негізі ретіндегі ұлттық бірлік пен елдің мәдени имиджін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады;

  • Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Зубова Ольга Александровна студенттік ортада этносаралық қоғамның дамуы жөнінде өз кафедра тәжірибесіне сүйене отырып сөз сөйледі;

  • «Қайта өрлеу» неміс этномәдени орталығының төрайымы Людмила Набокова түрлі мәдениет өкілдері арасындағы келісім мен ынтымақтастықты нығайтудағы тәжірибелерімен бөлісіп, қиын кезеңдерде көрсеткен қазақ халқының мейірімі мен көмегі үшін алғысын білдірді.

Жиын соңында Тұрдыбүбі Қазақбаева барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл дөңгелек үстел – мәдени мұраны сақтау, ұлтаралық татулық пен достықты нығайтуға арналған ашық диалог алаңы болғанын атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға бейбіт өмір, мейірім мен амандық тіледі.