- Басты бет
- Жаңалықтар
- IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым»
IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым»

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
«ылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым»
26 МАМЫР 2025ж, АЛМАТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар!
Сіздерді «ылымдардың интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – интегративті ғылымдардың жетістіктерін насихаттау, бұл жетістіктерге көпсалалы тәсілдер арқылы қол жеткізу, сондай-ақ биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім беру саласындағы өтетін болады.
Конференция материалдар жинағын жариялау үшін биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім мәселелері бойынша мақалалар қабылданады.
Конференцияда сіздермен кездесуге қуаныштымыз!
Ұйымдастыру комитеті
Конференция ұйымдастырушылары:
Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби атындағы;
Биология және биотехнология факультеті;
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы.
Ұйымдастыру комитеті:
М.С. Курманбаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор;
Г.К. Датхабаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, б.ғ.д., доцент м.а.;
А.М. Кустубаева – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор, «Нейроғылымның теориялық және қолданбалы аспектілері» конференция секциясының модераторы;
С.Т. Тулеуханов – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры, б.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Биофизиканың теориялық және қолданбалы аспектілері» конференция секциясының модераторы;
Н.Т. Аблайханова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.к., профессор, «Биомедицина жетістіктері мен өзекті мәселелері» конференция секциясының модераторы;
Ж.М. Басыгараев– әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доценті, б.ғ.к., «Биологиялық білім беру теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелер» конференция секциясының модераторы;
А.Н. Торманова– әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доцент м.а., б.ғ.к., «Биологиялық білім беру теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелер» конференция секциясының модераторы;
А.С. Каримова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының доцент м.а., м.ғ.к., «Нейроғылымның теориялық және қолданбалы аспектілері» конференция секциясының модераторы;
Ж.Б. Аширова– әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, доцент м.а.;
И. Дина – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының PhD докторанты;
А. Әшірбай – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының маманы;
Гаухарбек Ақсұңқар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының маманы;
Адал Қалия – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының маманы;
Холдорова Айжан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының маманы.
Конференция секциялары:
Секция №1. Биофизиканың теориялық және қолданбалы аспектілері
Секция №2. Биомедицина жетістіктері мен өзекті мәселелері
Секция №3. Нейроғылымның теориялық және қолданбалы аспектілері
Секция №4. Биологиялық білім беру теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелер
Конференция өтетін күн: 26 мамыр 2025 жыл
Конференция өтетін орын: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті
Конференция форматы: Zoom платформасында және офлайн
Конференцияның ресми тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
Эксперттік бағалау нәтижелері бойынша ұсынылған материалдардан жинақ басылып шығады, ол электронды форматта ISBN нөмірі беріле отырып жарияланады. Бір материалды жариялау құны 1000 теңге құрайды. Төлемді Kaspi банк картасына +7 707 567 61 84 (Ақсуңқар Г.) телефон нөмірі арқылы аударуға болады. Төлем чегін және антиплагиат туралы анықтаманы, мақаланы және өтініммен бірге бір хатпен жіберу қажет.
Антиплагиат туралы анықтаманы алу үшін сайтында тіркеліп, құжатты тексеруге жүктеп, тексеру аяқталған соң «нәтижелерді қарау» опциясын таңдап, кейін «қысқаша есеп» бөліміне кіріп, «тағы» дегенді басу керек. «Басып шығару нұсқасы» шығады, оны басып шығаруға таңдағанда «pdf ретінде сақтау» керек. Қабылданатын деңгейі – 75%-дан кем болмауы тиіс.
Конференцияға қатысу үшін 2025 жылдың 18 мамырына дейін бір хатпен e-mail: kafedra2022@internet.ru мекенжайына тіркеу формасын, мақаланы жеке файлдар ретінде Word форматында (docx) жіберу қажет, сондай-ақ төлем чегін және антиплагиат анықтамасын қоса жолдау керек. Хаттың тақырыбына: Конференция - Қатысушының аты-жөні – секция нөмірі (мысалы: Конференция_Tolebayev_3_abstract.) деп көрсету керек. Файлдар бірінші автордың фамилиясы бойынша және файлдың мазмұнына байланысты белгіленуі тиіс (мысалы: Толебаев_статья, Толебаев_заявка, Толебаев_чек, Толебаев_антиплагиат).
Тіркеу формасы (заявка)
Аты жөні |
|
ылыми дәрежесі, атағы |
|
Лауазымы |
|
Ұйымның толық атауы, қала, ел |
|
Телефон (+7) |
|
E-mail: |
|
Мақаланың атауы |
|
Бірлескен авторлар |
|
Секция атауы |
|
Мақала мазмұны мен рәсіміне қойылатын талаптар
Жариялауға ұсынылған барлық материалдар теориялық және практикалық құндылыққа ие болуы, таңдалған секцияның тақырыбына сәйкес келуі, мұқият тексерілген болуы, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателерді қамтитын болмауы тиіс. Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін материалдар жарияланады.
Жариялауға материалдар (тезистер немесе мақалалар) төмендегі талаптарға сәйкес ұсынылуы тиіс:
I. Мазмұнға қойылатын талаптар Жариялауға ұсынылған материал:
-өзекті болуы тиіс,
-түпнұсқа болуы тиіс,
-аяқталған ойды қамтуы тиіс.
II. Рәсімдеу талаптары
- Мәтіннің көлемі 4 бетке дейін.
- Шеттері: барлық жағынан – 20 мм, қызыл жол – 1 см, шрифт – Times New Roman, мәтін – 14 кегль, интервал біржолақты.
- Суреттер, фотосуреттер және кестелер (әртүрлі нұсқада екі данадан аспайтын) мәтінге енгізілуі тиіс. Кестелер мен графиктердегі бірдей деректерді қайталауға жол берілмейді. Суреттер мен фотосуреттер тек қара-ақ, тек *jpg форматында. Суреттердегі жазулар 12 pt шрифтпен орындалуы керек.
- Әдебиетке сілтемелер квадрат жақшаларда [1, 2] мәтінде аталған тәртіппен көрсетілуі тиіс.
Журналдағы мақалалар үшін:
- Тайпакова С.М., Бисенбаев А.К. Клонирование и экспрессия ДНК цел- лобиогидролазы СEL7A гриба Lentinula edodes в E. coli и характеристика рекомбинантного белка // Биотехнология: теория и практика. - 2025. - №2. - С.41-49.
Еңбектер жинақтары, баяндама тезистері және т.б. үшін:
- Бисенбаев А.К., Тайпакова С.М. Клонирование и экспрессия гена термостабильной целлобиогидролазы І гриба L. edodes в дрожжах // VI Московский международный конгресс Биотехнология: состояние и перспективы развития. - Москва. - 2011. - С.293-294.
Монография және кітап:
- Кужир Т.Д. Антимутагены и химический мутагенез в системе высших эукариот. – Минск: Наукова думка.- 1999.- 263 с.
Диссертация:
- Воронов М.Г. Эколого-биологические основы повышения эффективности воспроизводства омуля в р. Селенге в современных условиях. - Дисс. … канд. биол. наук. - СПб., 1993. - 180 с.
Схематический пример оформления статьи
УДК.
ПЕРСПЕКТИВЫ ДУАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ
И.В. Иванов 1, С.П. Крылов 2 1Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан, 2Институт проблем горения, Алматы, Казахстан, e-mail одного из авторов
|
Басқа жаңалықтар

