«А.Н. Веселовский, Ф.И. Буслаев, В.М. Жирмунский концепцияларындағы тарихи-салыстырмалы әдіс және фольклористика»»Farabi University

51

«А.Н. Веселовский, Ф.И. Буслаев, В.М. Жирмунский концепцияларындағы тарихи-салыстырмалы әдіс және фольклористика»»

10 сәуір, 2025

2025 жылдың 10 сәуірінде филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Болатова Гүлжан Жамбылқызының жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты  Орал Самат Нұржанұлы «Әдебиеттану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Салыстырмалы әдебиеттану және фольклористика» пәні бойынша «А.Н. Веселовский, Ф.И. Буслаев, В.М. Жирмунский концепцияларындағы тарихи-салыстырмалы әдіс және фольклористика» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық семинар сабағы ТМД 4-бағыты – «Сапалы білім беру» аясында жүзеге асырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – Студенттерге А.Н. Веселовский, Ф.И. Буслаев және В.М. Жирмунскийдің фольклорды тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеу концепцияларын түсіндіру. Студенттерді фольклорды тарихи және мәдени құбылыс ретінде қарастыруға үйрету. Ашық семинарда «ой қозғау», топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері қолданылып, padlet онлайн тақтасында кері байланыс жүргізілді. Нәтижесінде студенттер тарихи-салыстырмалы әдістің қалыптасу ерекшеліктерін, оның салыстырмалы әдебиеттану саласындағы рөлін және маңызын тереңірек түсінді әрі сабаққа өте белсенді қатысты. Бұл семинар студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға, әдеби мәтіндерді интерпретациялау қабілеттерін жетілдіруге және салыстырмалы әдебиеттануға деген ғылыми көзқарастарын кеңейтуге ықпал етті.