
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физика-техникалық факультетінде теоериялық және ядролық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21- сәуір күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында "6В05307-Ядролық физика" БББ бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және өз университетіміздің 2-3 курс студенттері қатысып, бақ сынасты. Олимпиада нәтижесінің қорытындысы марапаттау сәтінде көрсетілген.
Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен келген олимпиада қонақтарына кампус-тур жасап, университетіміздің мұражайын көрсетіп, қара шаңырағымыздың тарихымен таныстырдық.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025