ТДМ 3: Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалануFarabi University

51

ТДМ 3: Тұрақты даму үшін мұхиттарды, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану

18 сәуір, 2025

Cәуір айының 14 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының ұйымдастыруымен 7M05113-Нейроғылым мамандығының 1 курс магистранттарына арналған "Су – біздің планетамыздағы тіршіліктің негізі" атты танымдық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – судың Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру, оның қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін талқылау және су ресурстарын қорғау туралы сананы қалыптастыру.

Семинар интерактивті түрде өтті. Магистранттар тек дәріс тыңдап қана қоймай, топтық талқылаулар мен ситуациялық тапсырмаларға да қатысты. Дәрістік бөлімде судың биологиялық, экологиялық және физиологиялық маңызы, сондай-ақ су тапшылығының жаһандық мәселелері айтылды. Әсіресе, ластанған судың адам ағзасына зияны мен экожүйеге әсері кеңінен қарастырылды.

Семинар барысында студенттер суды үнемдеудің нақты жолдарын, таза ауыз суға қолжетімділікті арттыру идеяларын және күнделікті өмірде экологиялық жауапкершілікті арттыру жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, рөлдік ойындар арқылы су ресурстарын сақтауға байланысты өмірлік жағдайлар қарастырылып, магистранттар өз пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара “Суды қорға – тіршілікті сақта!” ұранымен аяқталып, қатысушылар судың маңыздылығын ескеріп, оны қорғауға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.