«Виртуалды Палеолит» жобасы үздік инновация ретінде танылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Технологияларды коммерцияландыру жне креативті индустрия орталығының ұйымдастыруымен Студенттік бизнес-инкубатор аясында өткен «Үздік инновациялық жоба» байқауында Тарих факультетінің жобасы жүлделі орынға ие болды.
Байқауға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Бекбауова Жұлдыз Маратқызы жетекшілік еткен команда «Виртуалды Палеолит» атты стартап жобасымен қатысып, үшінші орынды жеңіп алды. Жобада 1 курс студенттері:Аронов Данияр Талғатұлы, Төлеген Арман Бахрамұлы,Тыныс Болат Сейдуллаұлы белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетті.
Гуманитарлық бағыттағы жоба үшін IT технологияларын тиімді қолдана отырып, көпфункционалды өнім жасау — ерекше жетістік. Бұл бастама пәнаралық байланысты дамытып, тарих ғылымын заманауи құралдармен ұштастырудың үлгісіне айналды.
«Виртуалды Палеолит» жобасы ежелгі дәуірлер тарихын визуалды түрде оқытуды мақсат тұтып, заманауи бағдарламалық шешімдерді қолдану арқылы тарихи білімді жаңа форматта жеткізуді көздейді. Бұл оқыту үрдісін қызықты әрі қолжетімді ете түсті.
Жоба жетекшісі мен қатысушы студенттер байқауды ұйымдастырған ҚазҰУ басшылығына жне Технологияларды коммерцияландыру жне креативті индустрия орталығына алғыстарын білдірді. Олар бұл жобаны болашақта әрі қарай жетілдіріп, кеңінен дамытуды жоспарлап отыр.
Бұл жеңіс — гуманитарлық ғылымдар мен инновациялық технологиялардың табысты тоғысуының жарқын көрінісі.
Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы
Бекбауова Жұлдыз Маратқызы
Басқа жаңалықтар

