
Құрметті университетіміздің қонақтары,
оқытушы-профессорлар, қызметкерлер
мен білім алушы жастар!
Университетімізде биылғы Наурыз мерекесі ерекше аталып өтуде.
Бүгінгі мәдени іс-шара студенттердің бастамасымен қолға алынып, жастардың мерекесіне айналып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызға айрықша мән беріп: «Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі, жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы», – деп атап өткен болатын.
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Уважаемые гости, коллеги и студенты!
Сегодня на нашем национальном празднике Наурыз присутствуют уважаемые гости из России, Китая и Америки.
Делегация Харбинского университета:
1.Дин Син – заместитель руководителя Международного департамента.
2.Цянь Гуанъян – специалист Международного департамента.
3.Лю Чжилин – заместитель директора Колледжа интеллектуальных систем, науки и инженерии.
4.Цай Чэнтао – директор Колледжа интеллектуальных систем, науки и инженерии.
5.Дин Юй – заместитель директора Колледжа энергетики и энергетической инженерии.
6. Ван Хунгуан – руководитель кафедры аэрокосмической и гражданской инженерии.
7.Ван Чживэй – доцент Колледжа подводной акустической инженерии
8.Гао Пужэнь – заместитель декана Колледжа ядерной науки и технологий.
А так же наши коллеги:
1.Дэн Э. Дэвидсон – соучредитель и президент-эмерит Американских советов по международному образованию, профессор русского языка и второго языка в колледже Брин-Мар, член Российской академии образования, вице-президент МАПРЯЛ (Америка).
2.Кортава Татьяна Владимировна – проректор-начальник, доктор, профессор (Россия).
3.Бахтикиреева Улданай Максутовна – доктор филологических наук, профессор кафедры русского языка и межкультурной коммуникации Российского университета дружбы народов (РУДН), главный редактор научного журнала «Полилингвиальность и транскультурные практики» (Россия).
4.Вероника Адольфовна Разумовская – кандидат филологических наук, профессор и заведующая кафедрой теории и практики перевода Сибирского федерального университета (Россия).
5.Егоров Николай Иванович – доктор филологических наук, профессор, ведущий научный сотрудник Чувашского государственного института гуманитарных наук (Россия, Чувашия).
6.Кулмаматов Дусмамат Сатторович – доктор филологических наук, профессор (Узбекистан).
7. Лекич Мария Даниловна – доктор PhD, профессор Университета Мэриленда, академический директор и разработчик учебных программ по русскому языку для программы «Флагман» (Russian Flagship Program). Автор учебников русского языка для дошкольного образования и колледжей, главный редактор журнала «Russian Language Journal» (Америка).
Добро пожаловать в Казахский национальный университет имени Аль-Фараби!
Я рад приветствовать вас на праздновании весеннего праздника Наурыз мейрамы!
В тюркских странах Наурыз отмечают более пяти тысяч лет как праздник весны и обновления природы.
По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Казахстане мы празднуем 10 дней, и каждый из них носит свое название.
Каждый день посвящен определенной теме и ценности, отражающей богатство и многообразие казахстанской культуры и общества.
От благотворительности и культурных мероприятий – до национальных традиций и экологических акций.
Сегоднящнее мероприятие организовано по инициативе самих студентов при поддержке наших выпускников.
КазНУ имени Аль-Фараби постоянно стремится к развитию науки и инновационной инфраструктуры.
В настоящее время в университете обучаются более 27 тысяч студентов.
Из низ около 4,5 тысячи зарубежных студентов из 58 стран мира.
В учебном процессе задействованы более 150 зарубежных профессоров и ученых из 30 стран.
Мы активно работаем над модернизацией своих ресурсов и улучшениием социальных условий для ученых.
В 2024 году нашими учеными было реализовано 402 научно-исследовательских проекта.
За год на базе КазНУ было открыто около 30 лабораторий.
В частности, были созданы Суперкомпьютерный кластер, Центр компетенций по робототехнике и мехатронике, Центр инновационных продуктов и высокотехнологичных проектов «Farabi Hub», Лаборатория технологии и применения дистанционного зондирования, Научный центр «Устойчивое развитие и рациональное природопользование», Центр устойчивого развития в Центральной Азии, кластер «Farabi chem science», а также был открыт химический научно-производственный центр «Chemical Coatings Innovations».
Благодаря поддержке государства развивается университетская наука, и новым проектам выделяются финансовые гранты.
Заботу Президента страны особенно ощутили молодые ученые.
14 молодых ученых КазНУ получили ключи от квартиры от имени Президента и стали собственниками жилья.
В прошлом году казахстанские ученые опубликовали 9410 научных публикаций, которые будут индексироваться в базе данных Scopus.
Из них 1589 публикаций принадлежат ученым КазНУ имени Аль-Фараби, что составляет 16,8% от общего количества казахстанских публикаций.
В 2021 году 62 преподавателя-профессора, 8 научных сотрудников, 226 магистрантов и 77 докторантов прошли программу международной академической мобильности.
В 2024 году эту возможность использовали 707 профессоров и преподавателей, 106 научных сотрудников, 345 магистрантов и 337 докторантов.
Создание благоприятных условий для науки вдохновляют наших ученых и студентов.
Құрметті студент жастар!
Университетімізде дәстүрлі «Наурызнама» онкүндігі өтіп, оған сіздер белсенді атсалыстыңыздар.
Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүріміз кеңінен насихатталып, танымдық мәдени іс-шаралар іске асырылды.
Бүгін студенттер арасында өткен іс-шаралар мен байқаулардың қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттайтын боламыз.
Студенттеріміз халықаралық олимпиадаларда, стартап байқауларда, ғылыми форумдарда үнемі топ жарып келеді.
Жас ғалымдарымыз ғылым мен инновацияға деген қызығушылықтарын нақты істермен дәлелдеуде.
Осы оқу жылында 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарымыздың 32 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жақында ғана университетімізде Фараби форумы табысты өтті.
Форум аясында «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» студенттік инновациялық жобалар байқауы өтті.
Жас ғалымдар мен студенттерге жалпы құны 5 млн теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалды.
Жастарға сапалы білім беруде университет ауқымды жұмыстарды іске асырып келеді.
Биыл барлық жатақханаларда жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бөлмелердің есіктері ауыстырылып, төсек-орындар жаңартылды.
Бұған қоса, жаңадан орындық, үстел, шкафтар мен кітап сөрелері жасалып, жаңа жиһаздар орнатылды.
Асүй бөлмелеріне 120 тоңазытқыш пен 120 электр плитасы пайдалануға берілді.
Оқу ордасының базасындағы студенттер үйіндегі асханаларға заманауи асүй жиһаздары орнатылды.
Барлық жаңа жиһаздар университеттің өндірістік цехында жасалуда.
Бүгінге дейін факультеттерде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, есік-терезелері мен едені толығымен ауыстырылды.
Бұрын линолеум болса, қазір сапалы жаңа ламинаттар төселіп, аудиториялар жаңа үлгідегі заманауи дизайнмен безендірілді.
Журналистика, заң, Экономика және бизнес жоғары мектебі, тарих, филология, медицина және денсаулық сақтау факультеттеріндегі фойелер кеңейтіліп, жарықтандырылды.
Студенттердің игілігі үшін әр факультет базасында демалыс орындары ашылды.
Университет аумағында және факультет корпустарында студенттер үшін заманауи асханалар мен кофеханалар жұмыс істейді.
Қалашықта «The library» кофеханасы, заманауи «Smart Point» көшірме орталығы ашылған.
Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дың ІІ даму жоспары аясында әрқайсысы 677 орынға, барлығы 2031 орынға арналған үш жатақхананың құрылысы жүруде.
Нысанның жалпы аумағы – 25 844,7 мың шаршы метр. Ал ғимаратты салуға бөлінген аумақ 1,32 гектарды құрайды.
Тоғыз қабатты ғимаратта білім алушы жастар үшін оқу залдары, демалыс орындары, асхана, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
2024 жылы университеттің 90 жылдығына орай, ҚазҰУ стадионы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
3000 орындық трибуна қайта салынып, жаңа үлгідегі жарық шамдары қойылды.
ҚазҰУ стадионы 1986 жылы салынған болатын. Бүгінде Орталық Азиядағы бірегей университеттік спорт алаңына айналды.
Жоғары сападағы, заманауи үлгідегі стадион УЕФА мен ФИФА ұйымдарының халықаралық талаптарына сай жасалған.
Футбол алаңының жасанды жабындысы мен дренаж жүйесі әлімдегі Топ-3, Орталық Азиядағы Топ-1 талабына сәйкес келеді.
Бұл кешенде спортпен шұғылданушы жастарға жан-жақты жағдай жасалған.
Сонымен қатар әрқайсысы 1070 орынға арналған жетіқабатты үш оқу корпусының құрылысы басталды.
Қазіргі уақытта ғимараттардың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Аумағы 32 мың шаршы метрді құрайтын жетіқабатты үш ғимаратта болашақта факультеттер мен ҚазҰУ базасындағы филиалдар орналасады.
Жаңа оқу корпустарында аудиториялар мен дәріс залдары болады.
Кітапхана және ғылыми зертханалар, конференц-зал, демалыс және пікірталас орындары қарастырылған.
Осының барлығы біздің білім алушы жастарымыз үшін жасалып жатқан игі бастамалар.
Бұл сапалы білім мен инновациялық ғылымның дамуына бағытталған нақты қадамдар.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен берекенің, бірлік пен татулықтың бастауы.
Халқымыз абыройлы биікке көтеріліп, жастарымыз жаңа белестерді бағындыра берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Басқа жаңалықтар

