- Басты бет
- Жаңалықтар
- 14–16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “ылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер” тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.
14–16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “ылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер” тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.

14–16 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “ылымдағы, техника мен индустриядағы жасанды интеллект және кері есептер” тақырыбында Еуразиялық халықаралық ғылыми конференция өтті.
🔹 Конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна ғылыми баяндама жасап, “RAG негізінде журналистикаға арналған жасанды интеллект көмекшісін дамыту” тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.
💡 Баяндамада RAG (Retrieval-Augmented Generation) архитектурасы негізінде журналистика мәтіндерін өңдеу, ақпаратты іздеу мен генерациялау үдерісін автоматтандыру жолдары көрсетілді. Бұл тәсіл ақпаратты өңдеу сапасын арттырып, медиа саласына арналған интеллектуалды көмекші жүйелер құруға мүмкіндік береді.
Мадина Есимхановна ұйымдастырушылар тарапынан ғылыми белсенділігі үшін алғыс хат пен сертификатпен марапатталды.
Шара барысында жасанды интеллект, кері есептер, кванттық модельдеу, биоинформатика және басқа да заманауи бағыттар бойынша ғалымдар тәжірибе алмасып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтты.
Басқа жаңалықтар


