Инквизиция тарихы арқылы студенттердің білімін арттыруFarabi University

51

Инквизиция тарихы арқылы студенттердің білімін арттыру

23 қаңтар, 2025

 

Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бөлімінде көрсетілген «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес 2025 жылдың 23 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушылары Утебаева Динара Сахибқызы мен Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызының жетекшіліктерімен  1 курс «Дінтану» мамандығының магистранты, практикант Аманжолова Аружан және 2 курс «Дінтану» мамандығының студенттері  «Діни эстетика» пәні бойынша «Инквизиция құпиясы: Орта ғасырлардағы қасіреттер» атты көрмеге қатысты.

Көрме Санкт-Петербург тарихи музейімен ұсынылды және Орта ғасырлардың тек Париждегі Нотр-Дам соборы, Леонардо да Винчи, Декарт сияқты әйгілі тұлғаларымен ғана шектелмейтінін көрсетті. Бұл кезең сонымен қатар инквизиция оттары, сұрақ қою мен азаптаулар арқылы «Дін тазалығы» үшін күрескен уақыт болды. Көрмеде осы дәуірдің екінші, көпшілікке белгісіз бөлігі көрсетілді. Онда тарихи сипаттамалар мен көне гравюраларға негізделген 40-тан астам экспонат ұсынылған. Бұл ортағасырлық құралдар инквизицияның қаншалықты қорқынышты әрі қатыгез болғанын түсінуге көмектеседі. Көрме тарихи тұрғыдан дәл әрі танымдық сипатқа ие.

Аталған көрме «Сапалы білім беру» тұрақты даму мақсатына сәйкес ұйымдастырылды және студенттердің тарихи білімдерін арттыру, олардың діни эстетиканы және ортағасырлық дін тарихын зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.