Игорь Иванович РоговFarabi University

51

Игорь Иванович Рогов

1 сәуір, 2025

Туған күні: 1950 жыл 17 мамыр, Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласы
Мамандығы: Құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Білімі:
1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
1991 жылы «Экономикалық қылмыспен күрестің мәселелері (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық зерттеу)» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.
1994 жылы профессор ғылыми атағы берілді.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі атанды.

Қазақ және неміс (ауызекі деңгейде) тілдерін біледі.

Еңбек жолы:

  • 1967–1968 жылдары Алматы ағаш өңдеу комбинатында станокшы болып жұмыс істеген.
  • 1973 жылдан бастап Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі.
  • 1975 жылдан бастап С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде ассистент, аға оқытушы, декан орынбасары, кейін доцент қызметтерін атқарды.
  • 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі мен Министрлер Кабинетінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінде консультант, аға референт, құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі болып еңбек етті.
  • 1992 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
  • 1995 жылдан бастап ҚР Президентінің көмекшісі, ал 1997 жылдан бастап кеңесшісі болды.
  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындалды.
  • 2002 жылы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Мемлекеттік-құқықтық басқармасының бастығы қызметін атқарды.
  • 2004 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Конституциялық Кеңес Төрағасы болып тағайындалды.
  • Қазақстан криминологиялық қауымдастығының президенті.

Марапаттары:

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
  • «Парасат» орденінің иегері
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
  • «Тыңға 50 жыл» медалі
  • «Астана» медалі

 

Басқа жаңалықтар