
Туған күні: 1965 жылғы 19 қаңтар
Білімі:
1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Кәсіби қызмет жолы:
Ғабит Миразов құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Ол әр жылдары еліміздің түрлі өңірлерінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарды:
-
1992–1995 жж. — Алматы қаласы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі;
-
1995–1996 жж. — Алматы қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры;
-
01.1996–05.1996 жж. — Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары;
-
1996–1998 жж. — Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, кейін бірінші орынбасары;
-
1998–1999 жж. — Алматы қаласы прокуратурасының Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы;
-
1999–2001 жж. — Алматы қаласы прокуратурасының ОРД заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау басқармасының бастығы;
-
2001 ж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі;
-
2001 ж. — Алматы облысы Балқаш ауданының прокуроры;
-
05.2002–10.2002 жж. — Қапшағай қаласының прокуроры;
-
2002–2008 жж. — Алматы облысы прокурорының орынбасары, кейін бірінші орынбасары;
-
2008–2012 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;
-
2012–2017 жж. — Алматы облысының прокуроры;
-
2017–2018 жж. — Алматы қаласының прокуроры;
-
2019 жылдан бастап — ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Әскери басқармасының бастығы.
Үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Басқа жаңалықтар

