Әз-Наурыз — Заң факультетінің жетістіктері мен жасампаз рухының жарқын көрінісіFarabi University

51

Әз-Наурыз — Заң факультетінің жетістіктері мен жасампаз рухының жарқын көрінісі

18 сәуір, 2025

2025 жылғы 17 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз мерекесі кең ауқымда және жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл мерекелік жиын университет қауымдастығы үшін рухани құндылықтарды дәріптейтін, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, сондай-ақ жетістіктер мен еңбектерді ескеретін маңызды күнге айналды.

Мерекелік іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы қатысып, жүрекжарды лебізін білдіріп, жиналған барша қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол өз сөзінде жаңару мен жасампаздықты, ғылым мен білімді ұштастыра отырып, ұлттың болашағына үлес қосып жүрген университет ұжымына алғыс айтты.

Әз-Наурыз мерекесі аясында университеттің ғылыми-академиялық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін Заң факультетінің зор жетістігі атап өтілді. Атап айтқанда, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы жанындағы Қытай – Орталық Азия құқығын анықтау және Қытай – Қазақстан құқықтық зерттеу орталығы "Ең үздік орталық – 2025" мәртебесіне ие болды.

Марапатты кафедра меңгерушісі Куаналиева Гульдана Амангелдиевна салтанатты түрде қабылдап, бұл жетістік бүкіл факультет ұжымы мен студенттерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін ерекше атап өтті.