«Заңдылық пен құқықтық тәртіп – Жаңа Қазақстанның гүлденуінің негізі»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы тарапынан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жету бойынша жүргізіліп жатқан имидждік іс-шаралар аясында, 16 және 17-мақсаттарды қамти отырып, 2025 жылдың 16 сәуірінде сағат 15:00-де 305 аудиторияда «Әділетті құқық» ғылыми қоғамдастығының бастамасымен 3-курс студенттеріне арналған өзекті тақырыпта Гостевая лекция сәтті өткізілді. Лекция тақырыбы: «Заңдылық пен құқықтық тәртіп – Жаңа Қазақстанның гүлденуінің негізі».Іс-шараның спикері – Алматы қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Елеусізов Айтан Жанаманович болды.
Іс-шараны ұйымдастырғандар – «Әділетті құқық» ғылыми қоғамдастығының белсенді мүшелері, 3-курс студенттері Жакитов Богдан және Куандыков Арыстан. Іс-шара кафедра доценті, заң ғылымдарының докторы Қалишева Н.Х. жетекшілігімен өткізілді. Лекция барысында заңдылық – заңның үстемдігі мен адам құқықтарының мызғымастығы, теңдік пен заң алдындағы жауапкершіліктің бұлжымай орындалуы ретінде сипатталды. Заңдылық мемлекеттік органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Ал құқықтық тәртіп – бұл қоғамда құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық құрылым. «Заңдылық» ұғымына мысал ретінде келтірілгендер:
• Сот шешімдерін орындаудың міндеттілігі – сот шешімі заңды болып табылады және ол заңға сәйкес орындалуы тиіс.
• Сайлаулардың заңдылығы – сайлаулар заңға сәйкес өткізіліп, оның нәтижелері халықтың еркін білдіруі қажет.
• Қылмыстық қудалаудың заңдылығы – азаматтарды қылмыс жасағаны үшін қудалау заң шеңберінде және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. «Құқықтық тәртіпке» қатысты мысалдар:
• Жол жүру ережелерін сақтау – жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
• Заңға құрметпен қарау – азаматтар заңды құрметтеп, оны сақтау арқылы қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
• Сот билігінің тәуелсіздігі – сот билігі әділеттілікті қамтамасыз етіп, заңды сақтау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін тәуелсіз болуы керек.Сонымен қатар, спикер Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заңнамаларға тоқталып, Конституцияның – еліміздің басты заңы ретіндегі басымдылығын атап өтті. Лектор нақты Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, құқықтық саладағы кейстерді мысалға келтірді. Атап айтқанда, қазіргі дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездесетінін айтты. Мұндай жағдайлар ашық айтылмайтыны өкінішті. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркім өзінің ар-намысын қорғауға құқылы деп нақты көрсетілген. Осындай іс-шаралар болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін маңызды тәжірибе болатыны сөзсіз.
Басқа жаңалықтар

