ылым мен қоғам арасындағы көпір: дінтанулық зерттеулер жинағы таныстырылды

2025 жылғы ылым күніне орай 7 сәуір күні Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің қарасты Дінтану институты дінтанулық зерттеулердің жаңа жинақтарын көпшілік назарына ұсынды. Осы орайда ҚазҰУ-дың дінтану және исламтану мамандығының 2 курс магистранттары осы іс-шараға қатысты. Жинақтар – тек ғылыми ортаға емес, практикалық қызметкерлерге, атап айтқанда дінтанушыларға, идеология саласының мамандарына, мемлекеттік қызметкерлерге, діни бірлестіктер өкілдеріне, БАҚ және білім беру саласында еңбек ететіндерге арналған құнды ресурс болып табылады.
Жаңа кітаптарда Қазақстандағы зайырлы қағидалар мен діни құндылықтардың арақатынасы, діни төзімділік пен дінаралық келісім, діни инклюзия және эксклюзия мәселелері кеңінен қозғалған. Мәселен:
• «Қазақстандағы діни бірегейліктің инклюзивтілігі мен эксклюзивтілігі мәселелері» – қазіргі қоғамдағы дін және әлеуметтік топтар арақатынасына арналған.
• «Ислам философиясы: проблемалық ракурстар» – дәстүрлі ислам ойлау жүйесін қазіргі заманмен байланыстыруға талпынады.
• «Дін және зайырлылық» – мемлекеттік саясат пен рухани кеңістіктің өзара әрекеттесуін саралайды.
Институт ұжымы ұжымдық монографияларды жарыққа шығара отырып, ғылымды тек теориялық зерттеумен шектемей, қоғамдық сұраныс пен әлеуметтік мәселелермен сабақтастыруды басты мақсат етіп отыр. Осы еңбектер оқу үдерісінде қосымша құрал ретінде, мемлекеттік діни саясатты жоспарлауда, ақпараттық-насихат топтары үшін анықтамалық ретінде, медиа контент жасаушылар үшін сапалы дереккөз ретінде кеңінен қолданысқа енгізілуге дайын. Ұжымдық жинақтардың тұсаукесері институттың 65 жылдық мерейтойы аясында өтті. Бұл – тек естелік емес, дінтану ғылымының жаңа тынысы. Ғалымдар мен зерттеушілер ұсынған бұл жобалар Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, рухани келісімді нығайтуға бағытталған нақты құрал ретінде бағалануда.
Басқа жаңалықтар

