Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ базалық жоғары оқу орны ретінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жыл сайынғы Республикалық байқауды өткізу туралы, ҚР ылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 26.03.2025 жылғы №14-0/1324-ВН хаты негізінде, екінші кезеңге конкурс құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.
Байқауға жұмыстар «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жыл сайынғы байқаудың ұсыныстары» талаптарына сәйкес 2025 жылдың 14 сәуірінен 6 мамырына дейін қабылданады.
Байқауға жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз:
- Қағазда («СҒЗЖ Республикалық байқауына» белгісімен) мына мекенжайға: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, КеАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ».
- Электронды пошта арқылы, e-mail: armanay.kazykanova@kaznu.edu.kz
Байланыс тел: 8(727) 3773333, (іш:13-92).
Қосымшада:
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы ережелер.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқу-әдістемелік секциялардың тізімі.
Басқа жаңалықтар
