ылыми журналдардың Scopus және WoS базаларына ену стратегиялары талқыландыFarabi University

51

ылыми журналдардың Scopus және WoS базаларына ену стратегиялары талқыланды

11 сәуір, 2025

2025 жылдың 11 сәуірінде БҰҰ ТДМ № 17 аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фараби кітапханасы, Абай залында белгілі ғалым, баспа ісі мен ғылыми басылымдар саласының маманы Жексенбек Тоқтарбайдың "Strategies for including journals in the Scopus/WoS Database and Improving Their Quality" тақырыбында дәрісі өтті.

Аталған шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Рашева Гүлнұр Қойшынқызы қатысты. Ол дәріс барысында ғылыми журналдардың сапасын арттыру, халықаралық индекстеу базаларына ену жолдары, редакциялық алқаның рөлі мен мақалалардың сапалық талаптары жөнінде құнды мәліметтер алды.

Лекцияда Жексенбек Тоқтарбай қазіргі ғылыми басылымдарға қойылатын халықаралық талаптарды, Scopus және Web of Science мәліметтер базаларына ену критерийлерін нақты мысалдармен түсіндіріп, қазақстандық ғылыми журналдардың әлемдік деңгейге шығуына бағытталған практикалық ұсыныстарын ортаға салды.