- Басты бет
- Жаңалықтар
- IV Халықаралық Фараби Форум аясында «Фараби әлемі» конференциясының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды
IV Халықаралық Фараби Форум аясында «Фараби әлемі» конференциясының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды

14 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференция «Фараби әлемі» аясында студенттерді марапаттау салтанаты өтті. Іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, дарынды жастарды, ғылыми жетекшілер мен оқытушыларды біріктірді. Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының “Шығыстану-6В02207” мамандығының 3-ші курс студенті Марат Аруна факультет бойынша үздік шығып университет тарапынан жүлделі орынға ие болды.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, оларға ғылым және ізденісте табыстар тілейміз!
3 курс студенті Марат Арунаның ғылыми жетекшісі, ф.ғ.к., доцент (м.а.) Мамедова Фатима Зильпикаровнаға студенттерін ғылыми зерттеу жұмыстарына баулып, қолдау көрсеткені үшін ғылыми тұрғыда қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!
Басқа жаңалықтар

