ІV Халықаралық Фараби Форумының салтанатты жабылу рәсіміндегі сөзі

Құрметті әріптестер,
форумға қатысқан студенттер,
жас ғалымдар!
Сіздерді 12 сәуірде елімізде аталып өткен ылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ақордада өткен ғалымдармен кездесуінде:
«Университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс.
Ал еліміздегі білім мекемелері ғылымнан гөрі маман даярлау ісіне көбірек басымдық береді.
Бұл оқу орындарының тікелей міндеті болғанымен, білім мен ғылымды қатар алып жүру керек», – деп, ғылым қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне жоғары баға берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу университеті мәртебесін алғалы бері білім мен ғылымды қатар алып жүруге күш салып келеді.
Уважаемые участники форума!
В 2024 году учеными учебного заведения было реализовано 402 научно-исследовательских проекта.
В 2021 году учёные университета выиграли научные проекты на общую сумму 2 782,1 млрд тенге.
В 2024 году этот показатель увеличился на 13 млрд тенге.
В результате доход составил 252,53 млн тенге, что открыло возможности для повышения научного потенциала.
За год на базе КазНУ было открыто около 30 лабораторий и было передано на благо учёных.
В частности, были созданы:
1.Суперкомпьютерный кластер
2. Центр компетенций по робототехнике и мехатронике
3.Центр инновационных продуктов и высокотехнологичных проектов «Farabi Hub»
4.Лаборатория технологии и применения дистанционного зондирования
5.Научный центр «Устойчивое развитие и рациональное природопользование»
6. Центр устойчивого развития в Центральной Азии
7. Кластер «Farabi chem science»,
8.Химический научно-производственный центр «Chemical Coatings Innovations».
Благодаря поддержке государства развивается университетская наука и новым проектам выделяются финансовые гранты.
Особенно молодые ученые ощущают заботу Президента страны.
14 молодых ученых КазНУ получили ключи от квартиры от имени Касыма-Жомарта Кемелевича Токаева и стали собственниками жилья.
Күні кеше Ақордада өткен Президентпен кездесуде Экономика және бизнес жоғары мектебінің жас ғалымы, аға оқытушы Динара Қалмақова екі бөлмелі пәтердің иесі атанды.
Құттықтаймыз!
Құрметті жиынға қатысушылар!
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын 500 ғалымға шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндік берілді.
Осыған сәйкес, 2021 жылы ҚазҰУ-дан 62 оқытушы-профессор, 8 ғылыми қызметкер, 226 магистрант, 77 докторант
халықаралық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдерде білімін жетілдіріп қайтты.
Ал 2024 жылы бұл мүмкіндікті 707 оқытушы-профессор, 106 ғылыми қызметкер, 345 магистрант, 337 докторант пайдаланды.
Былтыр қазақстандық ғалымдар Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда 9410 ғылыми еңбек жариялады.
Оның 1589 жарияланымы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі.
Яғни университет ғалымдарының үлесі қазақстандық жарияланымдардың жалпы санының 16,8 пайызын құрады.
Осы жарияланымдардың басым бөлігі – жас ғалымдарымыздың еңбегі.
Бүгін жас ғалымдарымыздың ғылымдағы жолын ашуға арналған IV халықаралық Фараби форумы өз жұмысын аяқтауда.
Бұл форум жас ғалымдарды ынталандыруға, жаңа стартаптарды қолдауға бағытталған.
Дәстүрлі басқосуда еліміздің барлық өңірінен студент жастар жиналып, шетелдік жастармен тәжірибе алмасты.
Форум жұмысына Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Ресей, Италия, Сирия, Египет, Иран оқытушылары мен жас ғалымдар қатысты.
Бірнеше күннен бері форум аясындағы ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстелдерде түрлі ғылыми талқылаулар өтті.
Сондай-ақ «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауы, инновациялық жобалар мен студенттік бизнес-инкубаторлар конкурсы өткізілді.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!
Басқа жаңалықтар

