ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

2025 жылдың 9 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Стереотиптерсіз әңгіме: бүгінде ВИЧ туралы не білеміз?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ВИЧ туралы кең таралған мифтер мен ғылыми тұрғыдан дәлелденген фактілерді талқылады, заманауи алдын алу әдістері, қорғану және диагностика жолдары жөнінде мағлұмат алды. Алматы қалалық СПИД орталығының мамандары өз жұмыстары, қолжетімді қолдау түрлері мен дер кезінде тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы айтып берді. Басты мақсат — қорқыныш пен стигманы сейілту, денсаулық пен жауапкершілік жайлы ашық әрі алдын ала пайымдаусыз сөйлесу.
Ұйымдастырушылар: 7M02216 – Түркітану мамандығының 1 курс магистранты Таран Екатерина, 8D02208 – Түркітану мамандығының 1 курс докторанты Авалиев Адильжан.
Басқа жаңалықтар

