ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ «12 СӘУІР - ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІН» АТАП ӨТТІ

2025 жылғы 11 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде «12 сәуір – ылым қызметкерлерінің күніне» орай 1-3 курс докторанттары, жас ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның модераторы — факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Алипова Сая Болатханқызы болды.
Шараның басты мақсаты – жас ғалымдарды ынталандыру, ғылым жолындағы тәжірибе алмасу және академиялық мансапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кездесуді ҚазҰУ-дың ылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Тастамбек Қуаныш Талғатұлы ашып, ылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай құттықтау сөз сөйледі. Факультет деканы, т.ғ.к. Ем Наталья Борисовна да докторанттарға арнаған жылы лебізін білдіріп, ғылым жолында сәттіліктер тіледі.
Іс-шара аясында ғалым, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы – «ылыми жетекшімен тиімді жұмыс істеу стратегиялары» тақырыбында және т.ғ.к., профессор м.а. Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы – «Докторлық диссертацияны қорғау үдерісі және диссертациялық кеңестің қызметі» атты тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады. Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, PhD Кайранбаева Назым Нургельдиевна өз тәжірибесімен бөлісіп, докторантураның әр кезеңдерін қателіктері, табысты сәттері, алынған қиындықтарын түсіндірді. Ал докторанттардың атынан «Шығыстану» мамандығының 3 курс докторанты Хамитова Назерке өз ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Жалпы кездесу соңында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми зерттеулер жүргізудегі қиындықтар мен жетістіктер жайында ашық пікір алмасты.
Кездесу соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, факультеттің бірнеше оқытушылары мен жас ғалымдары университетіміздің ылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі-проректоры м.а. М.К. Ибраимов атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Дәл осындай кездесулер докторанттар мен жас ғалымдар үшін үлкен мотивация көзі болып табылады және академиялық қауымдастықтың ішкі байланысын нығайтады.
Басқа жаңалықтар

