ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫ ПРОФЕССОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРІFarabi University

51

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫ ПРОФЕССОРЛАРЫНЫҢ ПІКІРІ

10 сәуір, 2025

ҒЫЛЫМҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Мемлекет басшысының ғалымдармен кездесіп, ғылымды дамыту мәселесіне айрықша назар аударуы – еліміздің келешегі үшін маңызды әрі дер кезінде қабылданған шешім. Қазіргі заманда ғылым мен білім – мемлекеттің дамуындағы негізгі қозғаушы күштердің бірі. Президенттің бұл кездесуде айтқан сөздері еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бастамасы боларына сенім мол.

ылым – тек зерттеу мен жаңалық ашудың алаңы ғана емес, ол – инновациялар арқылы ел экономикасын ілгерілетудің, жаңа технологиялар жасаудың, сапалы медицина мен білім беру жүйесін қалыптастырудың, тіпті ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың да негізі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының ғылымды қаржыландыруды арттыру, жас ғалымдарды қолдау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту туралы бастамалары өте орынды.

Президенттің «ғылымға салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция» деген ұстанымы ғылым мен білім саласына жанашырлықпен қарап отырғанын айқын көрсетеді. Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің нәтижесін нақты өндіріске, ауыл шаруашылығына, экологияға, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаларға енгізу қажеттігін атап өтуі елімізде ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтудың жолын көрсетіп отыр.

Бұл кездесудің тағы бір маңыз­ды тұсы – ғалымдардың пікіріне құлақ асу, олармен ашық диалог орнату. Мұндай қарым-қатынас  ғылыми қауымдастықтың ынтасын арттырып қана қоймай, жаңа идеялардың туындауына, жас буынның ғылымға бет бұруына үлкен әсер етеді.

Қорытындылай келе айтарымыз, Мемлекет басшысының ғылымды дамытуға бағытталған бастамаларын қолдау – әрбір қазақстандықтың, әсіресе зиялы қауым мен жастардың борышы. Тек ғылым мен білімге сүйенген ел ғана жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, өркениетті қоғам құра алады.

Бақыт АЙТБАЕВА,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі,  ф.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор

 

 

ҒАЛЫМ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысуы ғылым мен білімге деген мемлекеттік деңгейдегі шынайы құрметтің жарқын көрінісі. Ғалым – тек зерттеуші ғана емес, ол ұлттың рухани жетекшісі, ақыл-ой шамшырағы. Президент өз сөзінде ғылымның ел дамуы үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтіп, жас ғалымдарды қолдау стратегиялық маңызы бар міндет екенін нақты жеткізді.                                                        

 «Ғалым – ұлттың шамшырағы» деуі бекер емес. Олар қоғамның интеллектуалдық бағытын айқындайтын, ұлттың келешегін ғылыммен нұрландыратын бірегей тұлғалар. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай қолдау шаралары ұлттық ғылыми әлеуетті арттырудың, әрі ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы.

Гүлдана ҚУАНАЛИЕВА,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д.

 

 

ҒАЛЫМДАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімі елімізде ғылымды институционалды түрде қолдау мен дамытудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Аталған іс-шара Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесі ретінде қарастырылуы тиіс.

Атап айтқанда жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарының табысталуы олардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ғылыми-зерттеу қызметіне толыққанды көңіл бөлуіне мүмкіндік туғызады. Бұл өз кезегінде ғылыми өнімділіктің артуына, сондай-ақ инновациялық жобалардың сапалық деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді.

ылыми кадрлардың еңбегін лайықты түрде бағалау мен материалдық тұрғыдан ынталандыру ұлттық ғылыми жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізудің алғышарты болып табылады.

Гүлнұр РАШЕВА,

PhD, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

 

 

ҒЫЛЫМ ӘЛЕУЕТІ - ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қоғамның өркендеп дамуы адамзаттың  интеллектуалдық әлеуетінің арту мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Қазіргі ақпараттық технология қарқындап тұрған заманда еліміздің әлем кеңістігінде алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарында болуына, білім мен ғылымның жоғары деңгейімен, инновациялық қабілетімен  байланысты болатыны айқын.

ылым күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

ғалымдарды марапаттау рәсімінде озық ел болу үшін өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаздық қасиеттерді дәріптеудің  маңыздылығын және үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беру керектігін атап өтті. Елімізде ғылым мен білім саласын дамытуға және жас зерттеушілерді қолдауға  бағытталған қадамдар жастардың ғылымға  қызығушылығын арттырды. ылыми инфрақұрылымды дамыту мен  ғылыми зерттеу саласын қаржыландыру, ғылыми кадрларды даярлау және ғалымдарды әлеуметтік қолдау, шетелде тәжірибеден өтуге мүмкіндіктердің жасалуы жас ғалымдардың  біліктілігі мен білім сапасына ықпал етіп, тиімді нәтижелер әкеледі.

Мемлекет қазіргі  халықаралық саяси-экономикалық ахуалды ескере отырып, еліміз өркендеудің бағыт-бағдарын үздіксіз дамыту, жаңашылдық пен ғылыми әлеуетті жоғарылату, мемлекеттік деңгейде ғылымға қолдау көрсету, еліміздің әлем кеңістігінде биік белестерді бағындыруға жол ашып, жас ғалымның  мүмкіндіктерін жүзеге асырады.

Талантты және білімді азаматтардың ғылым мен білімде жеткен жетістіктеріне баға беру мен ел игілігі үшін жасаған адал қызметтеріне қолдау көрсету еліміздің ғылыми әлеуетінің дамуына үлес қосып, маңызы зор жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны айқын.   

Дархан МАМЫТҚАНОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, ә.ғ.к.

 

 

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ЖОЛ АШЫҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ғалымдарды марапаттау рәсімі отандық ғылымның беделін арттыруға бағытталған маңызды әрі тарихи оқиға болды. Бұл басқосу тек мерекелік сипатта ғана емес, еліміздегі ғылым саласының даму бағыты, өзекті мәселелері және болашағы жайлы мазмұнды ойлар айтылған тағылымды кездесу болды.

Президенттің ғылым саласына деген құрметі мен ерекше назары осы жиында айқын көрінді. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде ғылымның мемлекеттің стратегиялық дамуында шешуші рөл атқаратынын нақты дәлелдермен атап өтті. Мемлекет басшысы ғылыммен айналысу үлкен табандылық пен адалдықты талап ететін күрделі жол екенін баса айтып, осы саланы таңдаған азаматтарға ризашылығын білдірді. Бұл барлық ғалымдарға, соның ішінде жас зерттеушілерге зор мотивация әрі жауапкершілік жүктейді.

Президент ғылым саласында орын алған әділетсіздіктер мен қиын кезеңдерді де ашық айтты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға жеткілікті көңіл бөлінбегені, көптеген мамандардың басқа салаға кетуге мәжбүр болғаны – бұл өткеннің ащы шындығы. Соның салдарынан еліміздің ғылыми әлеуеті едәуір әлсіреді. Алайда қазіргі таңда бұл бағыттағы жағдайдың жақсаруы мемлекет тарапынан жасалып жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі екені даусыз. ылым академиясының қайта жаңғыртылуы, инфрақұрылымның жаңаруы, «ылым және технологиялық саясат туралы» заңының қабылдануы  осының айғағы.

Әсіресе Президенттің жас ғалымдарды қолдау мәселесіне ерекше назар аударуы мен сияқты жас зерттеушілер үшін үлкен үміт пен сенім сыйлайды. ылыми қауымдастықтың жартысынан астамының 40 жасқа дейінгі мамандар екені болашаққа деген сенімді арттыратын көрсеткіш. Сонымен қатар жас ғалымдарға баспана кілтінің табысталуы бұл тек әлеуметтік қолдау ғана емес, сонымен қатар жас буынға көрсетілген зор құрмет деп білемін.

Қасым-Жомарт Кемелұлының ядролық ғылым мен технологияларды дамыту туралы айтқан ойлары да өте өзекті. Қазақстанның бұл саладағы әлеуеті жоғары және мұны тиімді пайдалану еліміздің энергия қауіпсіздігі мен ғылыми дербестігіне жол ашады. Сондай-ақ жасанды интеллект, криптография, ақпараттық қауіпсіздік секілді заманауи бағыттардың дамуы ғылымның жаңа биіктерге көтерілуіне жол ашатын маңызды салалар. Бұл тұрғыда жас академик Сұраған Дүрбітханның еңбегін атап өтуі ғылым жолындағы дарынды жастардың еңбегін елеп, құрметтеудің жарқын үлгісі.

Президенттің «университеттер ғылымның бастауында тұруы тиіс» деген сөзі қазіргі жоғары білім беру жүйесінің алдына нақты міндет қойып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті секілді алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғылыми-зерттеу бағытын күшейту, білім мен ғылымды қатар дамыту міндеті бұл ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті сияқты құрылымдық бөлімшелерге де қатысты. Өйткені бүгінгі дайындық курстарында оқып жатқан шетелдік студенттер – ертеңгі күннің білімді мамандары мен зерттеушілері. Сол себепті ғылымға қызығушылықты ерте кезеңнен ояту – біздің, оқытушылардың, басты міндеттеріміздің бірі.

Жиын соңында Мемлекет басшысының ғалымдарды марапаттауы  ғылымға жасалған зор құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісі болды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағының алғаш рет табысталуы еліміздің ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Бұл іс-шара отандық ғылымды дамыту жолында жасалып жатқан нақты қадамдардың көрінісі. Президенттің кездесуде айтқан әрбір сөзі  біз үшін бағдаршам іспетті. Ғалымдарға жүктеліп отырған жауапкершілік орасан. Еліміздің болашағы – білім мен ғылымның дамуында. Осы жолда қажырлы еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Жансая ӘДЕН,

PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушысы

 

 

ҒЫЛЫМ - ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ылым қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші ғалымдарымен кездесуі ғылымның стратегиялық маңызын айқындайтын айрықша оқиға болды. Мемлекет басшысы университеттер тек білім беру мекемесі емес, сонымен қатар жаңа ғылыми жаңалықтардың бастауы болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл – ғылым мен білімге бағытталған нақты қолдау.

Президентіміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегені, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткені жайында айта келе, бүгінгі таңда ғылымды дамытуға, ғалымдардың мәртебесін өсіруге ерекше көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алатынына баса мән берді. Осы орайда, зерттеу университеттерінің санын ұлғайту керектігін ерекше атады.

Президентіміз жиын барысында сонымен қатар  жастарды ғылымға тартуды барынша қолға алу қажеттігін де айтып өтті. Соңғы жылдары ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе өсіп, жас зерттеушілерге қолдау айтарлықтай артты. Қазіргі таңда елімізде 25 мыңнан астам ғалым бар, олардың жартысы – 40 жасқа толмағандар. Бұл ғылымды жастар арасында кеңінен насихаттау мен қолдаудың нақты көрсеткіші. Мен, жас ғалым әрі «2025-2027 жылдарға арналған ғылыми  жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы ретінде, елімізде ғылымға жасалып отырған ерекше қолдауды шын жүректен сезініп, зор ризашылық білдіремін. Бұл  мен үшін үлкен сенім мен жауапкершілік. Менің ғылыми жолым ҚазҰУ-мен тығыз байланысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінде зерттеу университеті мәртебесіне ие болып, отандық ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосуда. Университет ұжымы Президенттің ғылым мен білімді дамыту жөніндегі ұстанымдарын толық қолдайды және оны іске асыру жолында аянбай еңбек етуде.

Ғалымдармен кездесуден бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. ылым қызметкерлері күніне орай, мемлекеттік марапаттарға ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жетістік барша жас зерттеушілерге шабыт береді деп сенемін.

ылым – елдің ертеңі. Ал жастар – сол болашақтың басты иесі.

Мөлдір БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

PhD, Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы

 

 

ҒЫЛЫМҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көрнекті ғалымдарын ылым қызметкерлері күні қарсаңында жоғары наградамен марапаттады.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары елімізде ғылымды қаржыландыру үш жарым есеге өскенін баса айтты. Сонымен қатар қазіргі таңда ғылым университеттердің қабырғасында жүргізілетінін де айтып өтті.

Жас ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдау жүйелі жүргізіліп жатқанын және жастардың жаппай ғылымға деген ынтасы артқанын да айтты. Қазіргі геосаяси алмағайып уақытта ғылымды дамытып көтеру арқылы ғана тұйықтан шыға алатынымызды ғалымдарға нұсқау жол ретінде көрсетті. Жалпы, Мемлекет басшысының ғалымдармен жүздесуі әсерлі де ашық және жоғары деңгейде өтті.

Жаңа Қазақстанның ғылымға басымдық беруі – мемлекет болашағының кепілі.

Нұрбол ЖЕТІБАЕВ,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық

кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. 

 

 

ЕЛ БОЛАШАҒЫ - ҒЫЛЫМДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысуы ғылымға деген жоғары мемлекеттік деңгейдегі ықыластың айқын көрінісі. Бұл шара тек марапаттау рәсімі ғана емес, сонымен қатар ғылымның ел дамуы үшін маңыздылығын қоғамға тағы бір еске салу болып табылады.

Мемлекет басшысы  «ғылым-білімге сүйенбей, тиімді, әділ және бәсекеге қабілетті ұлт құру мүмкін емес» деді. Қазақстанның болашағы оның азаматтарының зияткерлік әлеуетімен тікелей байланысты екенін әділ атап өтті. «Ғалымның сөзі – халықтың көзі».

Бұл сөздер қоғамды жарқын болашаққа жетелейтін ғылым екенін көрсетеді. Жаһандық сын-қатерлер мен әлемнің тез өзгеруі жағдайында ғылым ұлттық қауіпсіздіктің, экономикалық өсудің және құқықтық тұрақтылықтың ажырамас элементіне айналады. Мемлекет басшысының ғылыми саланы реформалауға, оны ашық, тиімді және сұранысқа ие етуге шақырғаны қуантады. Бұл тәсіл Қазақстан ғалымдары ел ішіндегі өзекті міндеттерді шешіп қана қоймай, әлемдік ғылымға елеулі үлес қоса алатынына шабыттандырады және сенімділік береді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің ұжымы кездесуде айтылған Президенттің бастамаларын терең қызығушылықпен қабылдады, іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға, құқықтық мәдениетті ілгерілетуге және қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға баса назар аударды.

ҚазҰУ-дың заң факультеті Президент белгілеген міндеттерді іске асыруға үлес қоса отырып, конституциялық, халықаралық, экологиялық, қылмыстық және цифрлық құқық саласындағы өзекті ғылыми жобалармен белсенді жұмысты жалғастырады және пәнаралық өзара іс-қимылға, мемлекеттік бастамалардың заң сараптамасына және жаңа буынның жоғары білікті кадрларын даярлауға дайын. Аталған бастамалар іс жүзінде іске асырылып, ғалымдарды қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналады деп сенеміз.

 Жаңа Қазақстанның өткір көзқарастары мен ғылыми шығармашылық ізденістері  тұрақты дамуына үміттенеміз.

Сабыржан ЖАПАҚОВ,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

 

 

         ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА МОЛ МҮМКІНДІКТЕР БЕРІЛУДЕ

Мемлекет басшысы ылым қызметкерлері күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдірді. Елімізде ғылымды дамыту үшін нақты шаралар қабылдап жатқанын да айтып өтті.

ылым саласы  стратегиялық маңызы бар сала болғандықтан, соңғы жылдары бұл бағытқа бөлініп жатқан қаржы да ауқымды. Бұл өз кезегінде ғылым саласының дамуына және жас зерттеушілерге үлкен қолдау болып табылатынын айқындайды.

Мемлекет басшысы  «ғылым саласында жасалып жатқан әр қадамымыз еліміздің ғылыми әлеуетін арттыра түседі» деп атап өтті және Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы – 40 жасқа толмаған мамандар. Бұл елімізде ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанының айғағы.

Соңғы кезде ылым академиясын жаңғырту, ауқымды жұмыстардың жасалуы, инфрақұрылым жүйесі жаңартылып, кадр даярлау ісі жолға қойылуда. 2024 жылы 1 шілдеде қабылданған «ылым және технологиялық саясат туралы» заңы аталған мәселелерге оң әсерін беруде. Заңда ғылымды басқару тәсілдері нақтыланды. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары айқындалды, ғылым жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесі барынша ескерілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы  отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке назар аударды.

Мемлекет басшысы әлемде жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды және Қазақстанның аталған салада алдыңғы қатардан көрінуіне толық мүмкіндігі бар екенін де айтып кетті. «Талантты және білімді азаматтарға арқа сүйейміз» деді. Сондықтан ІТ мамандарын даярлауды күшейтіп, оқушылар мен студенттерге жасанды интеллект дағдыларын үйрету қажеттілігін атап өтті. Отандық ғылымда мұндай келешегі зор бағыттар көп. Жалпы, «ғылымның жүйелі дамуы үшін мемлекет пен бизнес, университеттер мен ғылыми орталықтар күш біріктіруі қажет» деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алатынына баса мән берді. Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы, жастарымыздың адал азамат болуы жаңа Қазақстанды көркейте алатынына нық сенімдіміз.

Уәлихан АХАТОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

заң факультетінің деканы,

з.ғ.к., профессор м.а.

 

 

БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ӨНДІРІС САБАҚТАСТЫҒЫ

Елімізде ылым қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік марапаттар табыстауы игі дәстүрге айналған. Бұл біздің еліміз үшін ғылымды дамыту стратегиялық басымдыққа ие сала екенін дәлелдейді. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, ғылыми-техникалық прогрестің шарықтау шыңына жеткен дәуірі екені даусыз. Ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүру, ұлттық экономиканы әртараптандыру, өндірістік-инновациялық өркендеу сияқты мақсат-мұраттардың барлығына ғылымды дамыта отырып, ғылым мен өндірісті өзара байланыстыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл дамыған өркениетті елдер тәжірибелік тұрғыда дәлелдеген ақиқат.

Өткенге көз салсақ, орта ғасырларда Еуропаны діни догмалар тұмшалап, дүмше діндарлар билеп-төстеген кезең «қараңғылық дәуір» деген атпен тарихта қалғаны белгілі. Галилео Галилей, Джордано Бруно сияқты талай ойшылдар ғылыми-ағартушылық қызметі мен көзқарастары үшін католик шіркеуінің инквизиция соты тарапынан аяусыз жазаланды. Тек қайта өрлеу дәуірінен бастау алған ағартушылық қозғалыс пен ғылыми рационализм еуропалық елдердің өркениетті дамуына арқау болды. Сондықтан жаңаша жаңғырып, әділетті Қазақстан құрамыз десек, зияткер ұлт ретінде экономикамызды диверсификациялап, өндірістік-инновациялық дамимыз десек, отандық ғылымды дамытуымыз қажет. Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған жыл сайынғы жолдаулары мен Ұлттық құрылтайдың отырыстарында ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлуінің астарында осындай терең мән-мағына жатыр. Ұлттық ғылым академиясының ерекше мәртебеге ие болып, қайта жаңғыруына да Президентіміз бастамашы болды, ғылыми-техникалық мамандарды даярлау мен ғылыми саланы қаржыландыруға басымдық беруде. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы ұлы Абай атамыздың өз заманында «ылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырғанын тілге тиек ете отырып, жасанды зерде, озық технология қарқынды дамыған қазіргі заманда біз үздіксіз ғылыми ізденіске, терең білім мен зияткерлікке ерекше мән беруіміз керектігін үнемі баса айтады.

Қазақстан үшін білім мен ғылымды ұштастыру, ғылым мен өндірісті сабақтастыру, ғылымды коммерцияландыру, ғылыми ізденістерге инвестиция тарту, ғылыми ауқымы кең өндірісті дамыту сияқты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер. Бұл күрделі мәселелерді шешу өз кезегінде ұлттық экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен арылту, энергияның балама жолдарын игеру, бейбіт атом энергиясын өндіру, импорттық тауарларды отандық өнімдермен алмастыру сияқты сан алуан стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етері сөзсіз.

Сейілбек МҰСАТАЕВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры

 

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАҒА ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАС КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдармен кездесіп, ғылымды дамыту мәселесіне қатысты жасаған баяндамасы  еліміздің интеллектуалдық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам деп санаймын.

Президентіміздің ғылымды ұлттық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуының стратегиялық факторларының бірі ретінде бағалауы өте орынды әрі уақыт талабына сай. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру үшін тек құқық нормаларын жетілдіру ғана емес, сонымен қатар ғылыми негізделген шешімдер қабылдау қажеттілігі артып отыр. Бұл ретте қылмыстық саясатты ізгілендіру, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, сот төрелігін тиімді жүзеге асыру сияқты бағыттардың барлығы ғылыми зерттеулерге сүйенуі тиіс.

ылымды институционалдық және қаржылық тұрғыдан қолдау заң үстемдігін қамтамасыз етудің де кепілі. Заң шығару процесінде академиялық сараптаманың болуы құқық нормаларының сапасын арттырады. Бұл құқықтық мемлекет қағидаттарына адалдықтың көрінісі.

Сондай-ақ Президенттің жас ғалымдарды қолдауға, ғылыми-зерттеу институттарының мәртебесін арттыруға, гранттық қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалары ғылыми әдіснаманың және дәлелді саясаттың басымдығын көрсетеді. Бұл бастамалар еліміздің құқықтық, әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беретін іргелі бағыттар. ылымды қолдау – әділетті қоғам орнатудың берік іргетасы.

Мен ғылым жолында екінші жыл еңбек етіп келемін. Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс салаларындағы тәжірибем мен ғылыми зерттеулерім отандық құқықтық ғылымның дамуына өз үлесін қосып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымға қатысты бастамалары маған қосымша серпін беріп отыр. Алдағы уақытта да ғылыми-зерттеу қызметімді жандандырып, заңнаманы жетілдіру мен қылмыстық әділет жүйесін дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар мен зерттеулерді жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын. Осы арқылы еліміздің құқықтық мемлекет ретінде нығаюына өз тарапымнан елеулі үлес қоса аламын деп сенемін.

Санрай СМАҒҰЛОВА,

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты,

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы,

заң ғылымының магистрі

 

 

ҒЫЛЫМ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстанда 12 сәуір – ылым қызметкерлері күні ерекше маңызға ие. Бұл күн тек ғылыми жетістіктерді атап өту ғана емес, сонымен қатар ғылымның ел дамуындағы стратегиялық рөлін қайта зерделеу мен бағамдау күні. Биылғы мереке аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдыңғы қатарлы ғалымдарымен кездесіп, ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен келешек міндеттерге тоқталды.

ылым – ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізі

Президенттің пікірінше, ғылым – экономикалық даму мен ұлттық қауіпсіздіктің шешуші факторларының бірі. Әсіресе қазіргі геосаяси және технологиялық бәсекелестік дәуірінде ғылым мен инновация елдер арасындағы қуат көрсеткішіне айналуда. Бұл жағдай Қазақстан үшін де өзекті.

Президент жас ғалымдарға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Бүгінде отандық ғылым саласында кадрлардың қартаюы, жастардың ғылымға қызығушылығының төмендігі сияқты проблемалар бар. Осыған орай, жас зерттеушілерге қолайлы жағдай жасау, оларды ұзақ мерзімді жобаларға тарту, стипендиялар мен ғылыми гранттар көлемін арттыру – басты міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

Қаржыландыру – ғылымның дамуына жол

Мемлекет басшысы ғылымды қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізілуі тиіс. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көрсеткіш. Алайда тек қаржыны көбейту жеткіліксіз. Маңыздысы – бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуы. Салааралық координация қажет: қаржы бірінші кезекте қолданбалы ғылымға, ауыл шаруашылығы, медицина, энергетика, климат өзгерісі, су ресурстары сияқты өзекті салаларға бағытталуы тиіс. Бұл бағыттар ел экономикасы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей ықпал ете алады.

Жоғары оқу орындары – ғылыми орталықтардың өзегі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үлгісі

Қазіргі таңда университеттер тек білім беру ордасы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен инновацияны дамытатын жетекші ғылыми орталықтарға айналуға тиіс. Бұл бағытта Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды рөл атқарып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру қажеттігін нақты атап көрсетті. Бұл тапсырма ҚазҰУ-дың стратегиялық бағытымен үндес келеді. Университет соңғы жылдары ғылымды коммерцияландыру, ғылыми зерттеулерді өндіріспен байланыстыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларға қатысу бойынша нақты нәтижелер көрсетуде.

ылыми кадрлар даярлау және зерттеу базасы

ҚазҰУ-да ғылым мен білімнің интеграциясы үздіксіз жүріп жатыр. Университет жанындағы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар – бұл тек студенттер мен магистранттар үшін зертханалық тәжірибе алаңы ғана емес, сонымен қатар отандық және халықаралық деңгейде маңызды зерттеулер жүргізілетін платформа. Биотехнология, нанотехнология, экология, IT және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша ондаған жобалар жүзеге асуда.

Университет ғылыми кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Магистратура мен PhD бағдарламаларына қабылдау кезінде іріктеу мен даярлау талаптарының күшейтілуі ғылыми сапа мен деңгейдің артуына ықпал етіп отыр. Жас зерттеушілерге ғылыми тағылымдамалар мен шетелдік стажировкалар ұйымдастырылып, олардың жаһандық ғылыми ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасалуда.

ылымды коммерцияландыру мен инновация

ҚазҰУ ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағытында да ілгерілеу үстінде. Университеттің технопаркі мен бизнес-инкубаторы жас ғалымдардың стартап-жобаларын қолдауға арналған. Бұл жастарды ғылымға ынталандырумен қатар, отандық инновациялық экономиканың қалыптасуына да үлес қосады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – еліміздегі ғылыми білім мен инновациялық зерттеулердің ұйытқысы. Президенттің жоғары оқу орындарын ғылыми орталықтарға айналдыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруда ҚазҰУ тәжірибесі үлгі бола алады. Университеттің ғылыми-инновациялық әлеуеті Қазақстанның интеллектуалдық болашағын қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс екені сөзсіз.

ылымның болашағы – инновациялық Қазақстанда

Президенттің айтуынша, еліміз ғылым арқылы ғана озық елдер қатарына қосыла алады. Инновациялық экожүйе құру, ғылыми стартаптарды қолдау, жасанды интеллект, биотехнология, ғарыштық зерттеулер сияқты салаларда серпінді жобаларды жүзеге асыру  Қазақстан ғылымының болашақ бағыты болуға тиіс.

Осы орайда, Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің нәтижесін ел игілігіне жарату, өндірістік салалармен интеграциялау, сондай-ақ ғылым мен қоғам арасындағы байланысты күшейту керектігін де атап өтті. ылым – мемлекет өркендеуінің негізгі кепілі. Бүгінгі күні Қазақстанда ғылымға деген көзқарас біртіндеп өзгере бастады. Қолдау бар, енді оны тиімді іске асыру – уақыт талабы. Болашақта ғылымды ел дамуының басты стратегиялық бағытына айналдыру – бәрімізге ортақ міндет.

Әлім МЫЛҚАЙДАРОВ,

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы, г.ғ.к.

 

 

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ - ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдармен кездесуі – еліміздің ғылым саласына, соның ішінде болашағына айрықша мән беріліп отырғанының айқын дәлелі. Мемлекет басшысының «Ғалым – ұлттың шамшырағы» деген сөзі ғылымға берілген үлкен бағаны білдіреді. Шынында да, ғылым жолы – күрделі әрі ұзақ. Бұл жолда тек өз ісіне шынайы берілген, еңбекқор, табанды және жаңашыл азаматтар ғана табысқа жете алады.

Президенттің ғылымды дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтқан тұжырымдары болашаққа батыл әрі нақты қадам. Ядролық энергетика, жасанды интеллект, IT саласы, қолданбалы зерттеулер мен ғылым қалашықтарын дамыту – бұл ел экономикасының ғана емес, зияткерлік әлеуетінің де басты тірегі болмақ.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының ғылым мен білімді экономикалық тиімділікпен ұштастыру туралы пікірі өте өзекті. Ғалымдардың еңбегінің нақты пайда әкелуі, олардың жұмыстарының мемлекетке және бизнеске тиімді болуы – отандық ғылымның жаңа деңгейге көтерілуінің көрсеткіші.

Бұл жолда ғылымға жүйелі қолдау көрсету, жас ғалымдарға мүмкіндік беру, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту – маңызды міндет. Абай атамыз айтқандай, «ылым таппай мақтанба» деген сөз бүгінгі күні де өзекті. Еліміз озық ұлттар қатарынан көріну үшін ғылымға бет бұруы тиіс.

Президенттің сөзі әрбір ғалымға, зерттеушіге, ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз бәріміз бірлесіп білім мен ғылымға негізделген жарқын болашақты қалыптастыруымыз қажет.

Бақытжан ҚАЛЫМБЕК,

Кеден, қаржы және экологиялық құқық

кафедрасының қауымдастырылған

профессоры,з.ғ.к.

 

 

ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШЫЛУДА

ылым қызметкерлері күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылыми әлеуетін көтеру жолында еңбектеніп жүрген ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында қиын да күрделі сонысымен, мәртебелі саланың қазіргі ахуалы, даму бағыттары мен өзекті мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы: «ылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет», – деп, шын мәнісінде ғылымның орны, әрбір ұлттың өре өлшемін айқындар ғаламат күш екенін пайымдап берді.

Жиын барысында еліміздегі ғылымның дамуы, теорияның практикалық қолданысқа енгізілуі, әсіресе ақпараттық технологиялар мен сандық жүйеге негізделген заманауи қоғамдық қарым-қатынастардың шекарасыз әлемге айналуының жетістіктері мен сын-қатерлері сөз болды. Жаратылыстану ғылымдарының салмақты орны, атомды ғылыми игерудің отандық тәжірибелері, ядролық физика ғылымының өркендеу мүмкіндіктері – мұның бәрі тек адами капиталмен тығыз тұтастықта жүргізілуі керектігіне көңіл аударылды. ылымы дамыған елдердің озық жетістіктерінен тәжірибе алмасуға ұдайы мән беру, үйренуден жалықпау, университеттердің тек білім берумен шектелмей, ғылыми-зерттеу орталықтарына қарай бейімделуінің түйткілді мәселелері ашық айтылды.

Бұл орайда, кешегі кеңестік саяси-идеология мен жоспарлы экономикаға телінген ғылымның зардаптары өз әсерін тигізгені рас. «Социализмнің жоқшылығы» адам бойындағы ашкөздікті өршітіп, жемқорлық дертіне айналғаны, ғылымның өз мәртебесінен айырылуы байқалуы, нәтижесінде ғылыми қызметкерлердің саны үш есе азайғанын жан-жақты саралаған ел басшысы оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайында: «Мемлекет ғылымды дамыту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Мен осыдан үш жыл бұрын ылым академиясын жаңғырту туралы тапсырма бердім. Содан бері ауқымды жұмыс жасалуда. Академияға жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді. Инфрақұрылым жүйесі жаңартылып жатыр. Кадр даярлау ісі жолға қойылды. Былтыр қабылданған «ылым және технологиялық саясат туралы» заңы осы үрдістерге тың серпін берді. Құжатта ғылымды басқару тәсілдері нақтыланды. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары айқындалды», – деп, әр мемлекеттің күш-қуаты мен тұрақты дамуына  әсер ететін саланың салмақты орны мен заңғар биігін қалпына келтіруге ауқымды іс-шаралар басталғанын атап өтті.

Зерттеу университеті дәрежесіндегі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми потенциалы жағынан көшбасшылық рөлін абыройлы атқарып келеді. ылыми жаңалықтардың енгізілуі мен түрлі зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, материалдық-техникалық база, ұстаздардың ғылыми біліктілігінің жоғарылығы, шетелдік студенттердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алуларына барлық жағдайлар жасалуы басқарудың креативті сипатын көрсете алады. Өзім қызмет атқаратын тарих факультетінде үш деңгейлі білім беруге әзірленген «Ақпараттық технологиялар, архивтану және құжат айналымын басқару» мамандығының түлектері еліміздегі 200-ден астам архив мекемелерінде, түрлі мемлекеттік құрылымдарда табысты еңбек етіп, сұранысқа ие мамандарға айналуы университетіміздің кәсіби білім беруді  өндірісті зерделеумен ұштастыратын ғылыми болжауларының оң көрсеткіштері.

Гүлбану ЖҮГЕНБАЕВА,

 Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.д.

 

 

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ - КҮРДЕЛІ ЖОЛ

Президент ылым қызметкерлері күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді. Басқосуда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегені, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткені жайында айтылды. Соның салдарынан Қазақстандағы ғылыми қызметкерлердің саны үш есе азайып, бұл ахуал ұлттың зияткерлік әлеуетіне орасан зор кесірін тигізген. 

Алайда соңғы жылдары мемлекет ғылымды дамыту үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. «Мен осыдан үш жыл бұрын ылым академиясын жаңғырту туралы тапсырма бердім. Содан бері ауқымды жұмыс жасалуда. Академияға жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді. Инфрақұрылым жүйесі жаңартылып жатыр. Кадр даярлау ісі жолға қойылды. Былтыр қабылданған «ылым және технологиялық саясат туралы» заңы осы үрдістерге тың серпін берді. Құжатта ғылымды басқару тәсілдері нақтыланды. Ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары айқындалды. Бір сөзбен айтсақ, заңда ғылым жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесі барынша ескерілді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке назар аударды. «Стратегиялық міндеттердің бірі – ядролық ғылым мен технологияны дамыту. Бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор. Алматыдағы Ядролық физика институты мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық сияқты алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелер іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар даярлап келеді. Атом энергиясын өндіру – тұрақты энергия көзі ғана емес, экономика мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытудың негізгі кілті. Бұл ретте ядролық медицина, сутегі энергиясы, суды тұшыту, синтетикалық отын өндіру, шағын модульді реакторлар және тағы басқалары туралы сөз болып отыр. Осы бағытта зор табысқа жету үшін зерттеу инфрақұрылымын нығайту, ғылыми жұмысты күшейту, инженерлік білім беруді жаңғырту қажет. Президент жанындағы ылым және техника жөніндегі ұлттық кеңестің алдағы отырысында атом энергетикасын дамыту күн тәртібіндегі басты мәселе болуға тиіс. Сондай-ақ мен Ұлттық құрылтайда ғылым қалашықтарын құру мәселесін көтердім. Ұлттық кеңес осы жұмысқа айрықша назар аударуы қажет», – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлемде жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды және Қазақстанның аталған салада алдыңғы қатардан көрінуіне толық мүмкіндігі бар деп санайды. Президенттің айтуынша, университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс. Ал еліміздегі білім мекемелері ғылымнан гөрі маман даярлау ісіне көбірек басымдық береді. Бұл оқу орындарының тікелей міндеті болғанымен, білім мен ғылымды қатар алып жүру керек.

Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі кәсіпорындар да ғылымды дамытуға үлес қосуға тиіс. Олар университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп жаңа өнімдер шығаруы керек. Қазақстандағы ірі өндіріс орындары өз табысының 1 пайызын ғылым саласына аударып келеді. Президент мұны стратегиялық маңызға ие бағыт деп санайды.

Қанат ҚОЖАБЕК,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы,

PhD доктор

 

 

ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ылым қызметкерлері күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарды марапаттап, «ылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «ылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек. Мен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай кезінде арнайы осы мәселеге тоқталдым. Бұл ретте ғылыми қауымдастыққа айрықша жауапкершілік жүктеледі. Өйткені ғалым – ұлттың шамшырағы», – деді.

Президентіміз сонымен қатар отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке тоқталды.  «Стратегиялық міндеттердің бірі – ядролық ғылым мен технологияны дамыту. Бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор. Алматыдағы Ядролық физика институты мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық сияқты алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелер іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар даярлап келеді. Атом энергиясын өндіру – тұрақты энергия көзі ғана емес, экономика мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытудың негізгі кілті. Бұл ретте ядролық медицина, сутегі энергиясы, суды тұшыту, синтетикалық отын өндіру, шағын модульді реакторлар және тағы басқалары туралы сөз болып отыр. Осы бағытта зор табысқа жету үшін зерттеу инфрақұрылымын нығайту, ғылыми жұмысты күшейту, инженерлік білім беруді жаңғырту қажет», – деді.

Мемлекет басшысының ғылымға үнемі көңіл бөліп отыруы ғалымдарды қуантады. Шабыт береді. ылымсыз елдің болашағы да, бақыты да, байлығы да болмайтынын қоғамға үнемі айтып отырады. Онысының өзі үлкен жанашырлық. ылымның дамуына бөлініп жатқан қаржы-қаражат мақсатты жұмсалып, оның көсегесін көгертсе екен деген тілек бар.

Айша КАРЫПЖАНҚЫЗЫ,

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушысы