Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Фараби әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының «Әлеуметтік жұмыстың болашағы: теориядан практикаға» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясыFarabi University

51

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Фараби әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының «Әлеуметтік жұмыстың болашағы: теориядан практикаға» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясы

4 сәуір, 2025

 

2025 жылы 4 сәуір күні «Фараби форумы» аясында «Әлеуметтік жұмыстың болашағы: теориядан практикаға» тақырыбында «Фараби әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелерін зерттейтін студенттер мен жас ғалымдар арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды оқиға болды. Талқылау барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен қарттардың әлеуметтік мәселелерінің тақырыптары, сондай-ақ қазіргі жағдайда әлеуметтік саясатты дамыту болашағы қозғалды. Қатысушылар әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті мәселелерді шешуге дайындықтың жоғары деңгейін және ұмтылысын көрсете отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Осы секцияға қатысу нәтижесінде келесі қатысушылар марапатталды:

Диплом 1 орын

Райбек А.Ө., «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 2 курс магистранты. Тақырыбы: «Қарт азаматтармен әлеуметтік жұмыс». ылыми жетекшісі: Серікжанова С.С., PhD, аға оқытушы.

Примбетова Ш.А., «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 1 курс докторанты. Тақырыбы: «Gender-Based Violence Among women from Key Populations». ылыми жетекшісі: Абдирайымова Г. С., әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

Диплом 2 орын

Сапирова М. М., «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 1 курс докторанты. Тақырыбы: «Тұрмыстық зорлықшы-зомбылықтың себеп-салдары мен қоғамдағы рөлі». ылыми жетекшісі: Абенова К.А., PhD, философия докторы.

Диплом 3 орын

Рамазанова И.Р., биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының 2 курс магистранты. «Адаптация преподавания биологии в инклюзивной образовательной среде: методические подходы и практическая реализация». ылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Мурзахметова М.К.