- Басты бет
- Жаңалықтар
- Shinhan Financial Group қолдауымен ҚазҰУ-да SFG корейтану конференц-залы ашылды
Shinhan Financial Group қолдауымен ҚазҰУ-да SFG корейтану конференц-залы ашылды
2025 жылғы 10 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде "Shinhan Financial Group" компаниясының төрағасы Джин Ок Донг мырзаның қатысуымен "SFG корейтану конференц-залының" салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға университет басшылығы, оқытушылар құрамы, студенттер және Оңтүстік Кореяның ірі қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Ашылу рәсімі барысында "Shinhan Financial Group" компаниясы Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі студенттеріне шәкіртақы табысталды. Сондай-ақ, Джин Ок Донг мырза студенттермен ашық әңгімелесу өткізді.
Сонымен қатар, конференц-зал соңғы үлгідегі мультимедиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл студенттер мен оқытушыларға корей тілі мен мәдениетін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Университет басшылығы бұл жобаның білім беру сапасын арттыруға және студенттердің халықаралық тәжірибеден өтуіне ықпал ететінін атап өтті.
Бұл бастама корейтану саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдауға және Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени-академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Басқа жаңалықтар

