Social media: changing our lives» тақырыбында ашық сабақ

2025 жылғы 9-сәуірде Филология факультетінің 301-аудиториясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенттеріне «Social media: changing our lives» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ әлеуметтік желілердің қазіргі өмірге әсерін зерттеуге арналды. Сабақ студенттердің әлеуметтік желілерді қолдану әдеттері туралы пікірлесіп, шағын сауалнама арқылы өз білімдерін белсендендірумен басталды. Бұл қызығушылықты арттырып, тақырыппен жеке байланыс орнатуға сеп болды. Студенттерге «Social media destroying how society works» атты мәтін мен тірек сөздер ұсынылды. «The Disconnect» атты бір минуттық бейнеролик тақырыпты толықтыра түсіп, пікірталасқа жол ашты. Студенттер әлеуметтік желілерге тәуелділікті көрсететін суреттерді талдап, өз өмірлерімен байланысын қарастырды. Топпен SWOT-талдау жүргізу арқылы әлеуметтік желілердің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін бағалады. Соңында студенттер Socrative платформасында кері байланыс беріп, сабақтан алған білімдері мен өзгерген көзқарастарын бөлісті.
Ұйымдастырған: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы Нұрланғазықызы Балнұр
Басқа жаңалықтар

