ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі тәжірибе: дипломатия әлеміне алғашқы қадамFarabi University

51

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі тәжірибе: дипломатия әлеміне алғашқы қадам

9 сәуір, 2025

Мен, Махашов Әлихан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының 4-курс студентімін. Жақында ҚР Сыртқы істер министрлігінде өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болдым. Осы уақыт аралығында еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар мен халықаралық аренадағы басымдықтары жайлы кеңінен мәлімет ала алдым. Министрліктің құрылымында жұмыс істей жүріп, ресми қағаздармен жұмыс істеу, дипломатиялық хаттар дайындау және әртүрлі елдермен өзара байланыс орнату ісіне тікелей қатыстым. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің жұмыс тәсілін тереңірек түсініп, талдау және сараптамалық жұмыстар жүргізуге атсалыстым.

Еліміздің әлемдегі орны мен жоғарғы дәрежеде жүргізіп отырған сыртқы саясаты мемлекеттік мүдде мен ұлттық бірегейлік тұрғысынан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан осы бір жауапты саланың егжей-тегжейлі жұмысымен танысуым және сол процестердің ортасында болуым мен үшін елімнің алдындағы азаматтық борышымды сезінуіме зор үлес қосты.

Тәжірибені абыроймен аяқтап, жауапкершілігім мен іскерлігім үшін оң бағаға ие болдым. Бұл тәжірибе мен үшін үлкен мектеп болды, болашақта халықаралық қатынастар саласында еңбек етуге берік негіз қаланды.