«Neotürk: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференцияFarabi University

51

«Neotürk: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференция

8 сәуір, 2025

Кеше, 7 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жас түркітанушы-ғалымдардың «Neotürk: ғасырлар мен технологиялар тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы және әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе ұйымдастырған ғылыми конференцияның мақсаты - түркі халықтарының тілі, тарихы мен мәдени мұрасын жастар арасында насихаттау, оларды зерттеуге жас ғалымдарды жұмылдыру
Конференцияның «Махмұд Қашғари және түркі әлемі» атты секциясының жүмысына шығыстану факультеті арабтану бөлімінің 2-курс студенттері де қатысты. Бұл олардың  халықаралық деігейдегі шараға алғаш рет қатысуы. Ізденістер, қобалжу, қорқыныш ... бәрі артта қалды, студенттердің айтуы бойынша, олар  конференцияға қатысу арқылы ғылыми этикет, ғылыми ізденістің ерекшелігі, талдау, ізденіс нәтижелерін рәсімдеу секілді толып жатқан пайдалы дағдыларды игеруді бастапты. Студенттерімізге ақжол тілейміз!