- Басты бет
- Сөйлеген сөздері
- «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатындағы сөзі
«Үздік ғылыми қызметкер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатындағы сөзі

Құрметті Саясат Нұрбекұлы!
Жоғары оқу орындарының ректорлары!
Қадірлі қонақтар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі салтанатты шараға жиналған үздік оқытушылар мен үздік ғалымдарды шын жүректен құттықтаймын!
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары елімізде ғылымға ерекше көңіл бөлінуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде:
«ылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау маңызды.
Соңғы жылдары мемлекет ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырды.
Әлі де арттыра береді. Бірақ бұл қаржы нақты мақсатқа сай жұмсалуы қажет.
Бюджет қаржысын сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар ғана алуы керек», – деп атап өтті.
Бұл міндетті табысты іске асыру, біріншіден, ғылыми қауымдастық мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады.
Екіншіден, бүгін сіздер өз еңбектеріңізге сай ғылымға бөлінген қаржының рахатын көргелі отырсыздар.
Мемлекеттің бұл қолдауы сіздерді ары қарай жаңа ізденістер жасауға ынталандырады деген ойдамын.
Құрметті қонақтар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтойлық жыл ішінде ҚазҰУ-да 30-ға жуық жаңа зертхана, ғылыми аудиториялар ашылды.
Атап айтқанда:
1. Осы өздеріңіз отырған «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы;
2. Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер орталығы;
3. Өндірістік робототехника және роботтандыру бойынша инженерлік компетенция орталығы;
4. География және табиғатты пайдалану факультетінде «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы (құрамына 10 зертхана кіреді);
5. «Қашықтықтан зондтау технологиясы және қолдану» қазақ-қытай бірлескен зертханасы;
6. Химия және химиялық технология факультетінде Гальваникалық қаптамалар ғылыми-өндірістік орталығы және тоғыз химиялық сараптамалық зертхана;
7. Соңғы үлгідегі телескоптармен жабдықталған «Фараби» заманауи обсерваториясы.
Бұл ғылыми зертханалардың барлығы Президенттің қолдауы мен мемлекеттің ғылымға бөлген қаражатының арқасында пайдаланылуға берілді.
Жоғары оқу орнының ғалымдары осы мүмкіндіктерді пайдаланып, университет ғылымын дамытуға бар күш-жігерін салуы керек.
Өйткені ғылымы дамыған елдің экономикасы дамиды.
Ал экономикасы дамыған елдің жастары білімді болады.
Уважаемые коллеги,
гости университета!
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби – вуз с 90-летней историей – всегда лидировал в подготовке квалифицированных специалистов.
В конце прошлого года при участии президентов двух стран на базе Омского государственного университета им. Ф.М.Достоевского был открыт филиал КазНУ им. Аль-Фараби.
В соответствии с поручением Президента начата работа по ликвидации дефицита специалистов в области искусственного интеллекта.
В странах мира стремительно развивается тренд цифровизации медицины и применения искусственного интеллекта.
Поэтому факультеты информационных технологий и медицины и здравоохранения совместно готовят специалистов по образовательной программе «Искусственный интеллект в медицине».
Подписано соглашение с Университетом штата Пенсильвания о создании совместного исследовательского центра в области информационных технологий.
Университет стремится интегрировать искусственного интеллекта в учебные программы, создавая инновационные решения для различных отраслей экономики.
Внедрение искусственного интеллекта в образование и научные исследования способствует подготовке квалифицированных кадров, что отвечает вызовам современной цифровой эпохи.
Құрметті әріптестер,
байқау жеңімпаздары!
Күні кеше «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру жобасына
ҚазҰУ-дан 38 жоба қатысып, 32 жоба үздік деп танылды.
Жалпы сомасы 935 млн (935 059 876,08) теңгені құрайды.
Өткен жылдары гранттық конкурста университеттен 25 жоба қабылданған болатын.
«Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында әр оныншы жеңімпаз – ҚазҰУ оқытушысы.
Ал «Үздік оқытушы» және «Үздік ғылыми қызметкер» атағын иеленуші ҚазҰУ оқытушыларының саны да жыл сайын артып келеді.
- 2020 жылы – 18 оқытушы
- 2021 жылы – 25 оқытушы және 7 ғылыми қызметкер
- 2022 жылы – 27 оқытушы және 5 ғылыми қызметкер
- 2023 жылы – 32 оқытушы және 3 ғылыми қызметкер
- 2024 жылы – 36 оқытушы және 4 ғылыми қызметкер жеңімпаз атанды.
Осылайша 2024 жылғы байқау жеңімпаздарының 24 пайызы ҚазҰУ оқытушылары екенін зор мақтанышпен атап өткім келеді.
Байқауға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!
Басқа жаңалықтар

