Фараби әлемі: "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЦИФРЛЫ ӘЛЕМДЕ"

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына арналған «40 іс-шара» аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЦИФРЛЫ ӘЛЕМДЕ " секциясы бойынша Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға секция тақырыбына сәйкес 27 тезис ұсынылып, 20 зерттеу жұмысы тыңдалды. Цифрлық технологиялардың жедел дамуы жаратылыстану ғылымдарының барлық саласына елеулі өзгерістер енгізуде. Бүгінгі күні биология, химия, физика және география сияқты пәндер цифрлы құралдар арқылы зерттеліп, талданып, оқытылуда. Бұл өз кезегінде ғылыми зерттеулердің дәлдігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Алайда цифрлы ресурстарды тиімді қолдану, деректерді дұрыс интерпретациялау, академиялық адалдықты сақтау және цифрлы сауаттылық деңгейін көтеру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы секцияда жаратылыстану ғылымдарының цифрлы трансформация жағдайындағы даму жолдары, оқытудағы инновациялық әдістер, виртуалды зертханалар мен цифрлы платформалар арқылы жүргізілетін зерттеулер талқыланады.
Секция жұмысының нәтижесі:
Диплом I дәрежелі – Медетхан Сұңқар
Диплом II дәрежелі – Аманкелді Аймөлдір
Диплом II дәрежелі – Талант Айдана
Диплом III дәрежелі – Мұхамет Ринат
Диплом III дәрежелі – Нұрлан Жазира
Диплом III дәрежелі – Өнер Айдана
Басқа жаңалықтар

