Венгриялық зерттеуші, PhD, «Саяси режимнің өзгеру тарихы ғылыми-зерттеу институтының және мұрағатының» директоры Питер Штрауспен кездесуFarabi University

51

Венгриялық зерттеуші, PhD, «Саяси режимнің өзгеру тарихы ғылыми-зерттеу институтының және мұрағатының» директоры Питер Штрауспен кездесу

12 наурыз, 2025

ТДМ 4. Сапалы білім

Венгриялық зерттеуші, PhD, «Саяси режимнің өзгеру тарихы ғылыми-зерттеу институтының және мұрағатының» директоры Питер Штрауспен кездесу

2025 жылдың 12-наурызы күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің жанынан құрылған «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеудің Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» мен Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы бірлесіп, венгриялық зерттеуші, PhD, «Саяси режимнің өзгеру тарихы ғылыми-зерттеу институтының және мұрағатының» (RETÖRKI) директоры Питер Штрауспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында доктор Питер Штраус ХХ ғасырдағы Венгрия мен Еуропа тарихына, әсіресе қырғи-қабақ соғыс дәуіріне, әлеуметтік режимнің өзгеруіне және оның алғышарттарына ғылыми талдау жасаумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтының қызметімен таныстырды. Институт мұрағатының қорындағы Венгрия режимін өзгертуге және антикоммунистік эмиграцияға қатысқан маңызды тұлғалардың жеке жинақтарының маңыздылығы сөз етілді. Сонымен бірге қазіргі әлемде болып жатқан процестердің күрделілігіне байланысты тарихқа әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан келудің маңыздылығын атап өтті. Институт венгр және ағылшын тілдерінде тоқсан сайынғы «Journal of Rejime Change» журналын шығарумен де айналысады, онда әлеуметтік және ғылыми маңызды мақалалар мен институттың мұрағат құжаттарының маңызды материалдары жүйелі түрде жарияланады.

Қазақстан мен Венгрия/Шығыс Еуропа елдерінің бірлескен салыстырмалы зерттеулерін жүзеге асыру бойынша пікір алмасу болды. Институтта тоқсан сайынғы «Journal of Rejime Change» журналында тарих факультеті оқытушыларының мақалаларын ағылшын тілінде жариялау, студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін венгр зерттеушілерінің ХХ ғасырдағы Венгрия және Еуропа тарихы бойынша онлайн дәрістерін ұйымдастыру туралы өзара келісімдер жасалып, алдағы уақыттарда байланыстарды нығайту мен жандандыруды қолға алу мәселелері қарастырылды.

Кездесуде Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б. Б. Кәрібаев тарих туралы білімді кеңейтуге, шынайы түсініктерді қалыптастыруға ықпал ететін халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Т.ғ.д., профессор Г.Б. Хабижанова білікті кадрлар даярлау үшін жас ғалымдардың бірлескен жобаларын, ғылыми конференцияларын, тағылымдамаларын іске асыру перспективаларын атап өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: т.ғ.к., доцент Ф.А. Козыбакова, т.ғ.к., доцент У.М. Джолдыбаева, PhD, аға оқытушы А.О. Кошымова, аға оқытушы М.К. Бижанова, PhD, аға оқытушы А.Г. Аринов, аға оқытушы Г.И. Менситова, сондай-ақ тарих факультетінің студенттер мен магистранттары қатысты.