Тұрақты қаланы жоспарлауда экологиялық принциптер мен технологиялар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна №17 Студенттер үйі барып, «Тұрақты қаланы жоспарлауда экологиялық принциптер мен технологиялар» атты тақырыбына тәрбие сағатын өтті. Студенттер белсенді қатысып, қала дамуна қосар үлестерінің мол екенін көрсетті.
Қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі – қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұрақты әрі жайлы қалалық орта құру. Осы мақсатта экологиялық принциптер мен заманауи технологияларды қолдану аса маңызды. Энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, жасыл ғимараттар мен көгалдандыру – тұрақты қаланы дамытудың негізі. Энергия тиімділігі – ресурстарды үнемдеудің басты жолы. Жылу мен электр энергиясын үнемдеу арқылы қалалық инфрақұрылымның экологиялық ізі азаяды. Сонымен қатар, күн мен жел энергиясы секілді жаңартылатын көздерді пайдалану қоршаған ортаны ластамай, тұрақты дамуға жол ашады.
Жасыл ғимараттар – экологиялық құрылыс талаптарына сай салынатын, энергияны аз тұтынатын, таза ауа мен жарыққа қолайлы жағдай жасайтын нысандар. Мұндай ғимараттар тұрғындарға жайлы орта ұсына отырып, табиғи ресурстарды үнемдейді. Қала кеңістігін көгалдандыру – тек эстетикалық мән беріп қана қоймай, ауа сапасын жақсартып, климатты жұмсартуға әсер етеді. Көпжылдық ағаштар мен жасыл аймақтар қаланың «өкпесі» іспетті. Осылайша, экологиялық қағидаларды сақтай отырып, біз болашақ ұрпаққа таза әрі өмір сүруге қолайлы қала қалдыра аламыз.
Басқа жаңалықтар

