- Басты бет
- Жаңалықтар
- М. Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті мен С. Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттар химиясы институтында ғылыми тағылымдама
М. Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті мен С. Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттар химиясы институтында ғылыми тағылымдама

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4 – «Сапалы білім» және ТДМ 9 – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» аясында халықаралық ынтымақтастықты, академиялық ұтқырлықты дамыту және инновациялық технологияларды енгізу мақсатында органикалық заттардың химиясы, табиғи қосылыстар және полимерлер технологиясы кафедрасының 2-курс магистранттары – Д. Медиманова, М. Хакимов, А. Құсайынова, Ғ. Абылайхан, Г. Тортай және С. Аманғалиева 7M07203 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және 7M07106 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша 2025 жылғы 10-21 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасының жетекші ғылыми-білім беру орталықтарында – М. Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті мен С. Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттар химиясы институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама М. Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Хаитбаев Алишер Хамидович ұйымдастырған жылы қабылдаудан басталды. Ол қатысушыларды университеттің негізгі ғылыми зерттеу бағыттарымен таныстырып, зертханаларға экскурсия жүргізді. Визит барысында магистранттар хитозан негізіндегі полимерлі пленкаларды синтездеу және зерттеу саласындағы озық әзірлемелер туралы ақпарат алды.
Тағылымдама барысында магистранттар өздерінің ғылыми зерттеу жоспарларына сәйкес бірқатар ғылыми тапсырмаларды орындады. Олар полимерлі пленкалардың сипаттамаларын физикалық зерттеу әдістерін қолдана отырып егжей-тегжейлі талдады, сондай-ақ өсімдік объектілеріндегі аминқышқылдары, дәрумендер және флавоноидтар құрамын зерттеді. Сонымен қатар, зерттелген үлгілердің антиоксиданттық белсенділігі бағаланып, алынған полимерлі материалдардың құрылымы микроскопиялық талдау арқылы нақтыланды.
Органикалық заттардың химиясы, табиғи қосылыстар және полимерлер технологиясы кафедрасы атынан кафедра меңгерушісі Ирмұхаметова Г.С., кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Литвиненко Ю.А., Құдайбергенова Б.М. тағылымдаманы ұйымдастырушыларға – декан Қадырова Шахноза Абдухалилқызына және профессор Хаитбаев Алишер Хамидовичке жан-жақты қолдауы, құнды ғылыми ұсыныстары және жұмысты ұйымдастырудағы көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Магистранттар тағылымдаманың аса пайдалы, нәтижелі болғанын және олардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал еткенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар

