- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі – 2025»: Гидрология саласындағы жас ғалымдардың үздік зерттеулері
«Фараби әлемі – 2025»: Гидрология саласындағы жас ғалымдардың үздік зерттеулері
2025 жылдың 3 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде дәстүрлі түрде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Климаттың өзгеруі және су ресурстары» секциясының «Гидрология» бөлімі бойынша студенттер мен жас ғалымдар өз зерттеулерін ұсынды.
Конференция жұмысына 14 зерттеу жобасы ұсынылды. Жас зерттеушілер су ресурстарын тиімді пайдалану, су басу, гидроэкологиялық жағдайлар, климаттық факторлар мен мұздықтардың динамикасы секілді өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан қарастырды.
Конкурстық комиссияның шешімімен төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1-орын – Ерлан Д. «Талғар өзені алабындағы мұздықтардың кері шегіну динамикасын бағалау» атты жұмысы үшін. ылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Абдуллаева Ә.С.
2-орын – Қайрат С. «Су басуды қалыптастырудағы метеорологиялық факторлардың рөлін бағалау», және Айтбай А.Ж. «Елек өзеніндегі экстремалды гидрологиялық құбылыстарды бағалау» тақырыптарындағы жұмыстары үшін. ылыми жетекшілері – аға оқытушылар Абдуллаева Ә.С. және Раймбекова Ж.Т.
3-орын – Aidarbayeva A. «Assessment of the impact of Hydrological and Climatic Factors on the Maximum Flow of the Kaskelen River». ылыми жетекшісі – аға оқытушы Раймбекова Ж.Т.
Барлық ұсынылған ғылыми жұмыстар Тұрақты даму мақсаттарының негізгі бағыттарымен тығыз байланысты. Әсіресе, ТДМ 6: Су ресурстары, ТДМ 13: Климаттық өзгерулерге қарсы әрекет, және ТДМ 15: Экосистемаларды қорғау мақсаттарына сәйкес келеді.
ТДМ 6 су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға бағытталған зерттеулерді қамтиды. ТДМ 13 климаттың өзгеруінің әсерін зерттеп, су тасқыны мен құрғақшылықты басқаруға ықпал етеді. ТДМ 15 экосистемаларды қорғау мен қалпына келтіру мәселелерін қарастырады.Осылайша, барлық жұмыстар су ресурстарын басқару, климаттық өзгерістерге бейімделу және экосистемаларды қорғау бойынша маңызды мәселелерді көтеріп, Тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған.
Жас ғалымдардың бұл ғылыми ізденістері қазіргі климаттық өзгерістер жағдайында су ресурстарын басқару мен болжау саласының өзектілігін көрсетеді. Конференция оларға тәжірибе алмасуға және болашақ зерттеулерге жол ашуға үлкен мүмкіндік берді.
Толығырақ:&Բ;
Басқа жаңалықтар

