
2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Мерген қыздың мәңгілік даңқы” атты тағылымды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – жастарға тарихи жады мен ұлттық рухты сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына негізделген тарихи сана қалыптастыру болды.
Іс-шара Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың асыл перзенті, ержүрек мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ерлік пен қайсарлықтың символына айналған Әлияның өмір жолы мен ерлік істері жайлы деректер келтіріліп, қатысушылар оның рухына тағзым етті.
Шара барысында студенттер арасында танымдық-интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің тарихи білімін, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Сайыс өте тартысты өтіп, әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
- 1-орын – Алға Мақпал
- 2-орын – Есенбай Балнұр
- 3-орын – Рысқалиева Гауһар
Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шара аясында көрермендер назарына Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне арналған бейнематериалдар ұсынылып, рухани-танымдық баяндама, әдеби шығармалардан үзінділер және патриоттық әндер де орындалды. Бұл – жастардың бойында ұлттық рухты нығайтып, тарихи сананы жаңғыртатын маңызды сәт болды.
Іс-шараға университет профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен белсенді студенттер қатысты. Қатысушылар іс-шараның тәрбиелік және танымдық мәніне жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
- Бегалинова К.К. – философия ғылымдарының докторы, профессор
- Қаңтарбаева Ж.О. – философия ғылымдарының кандидаты
- Жамал Р.А. – Исламтану мамандығының 1 курс магистранты
Осы мазмұнды шара тарихты құрметтеуге, ұлт батырларына тағзым етуге және жас буынға патриоттық тәрбие беруге бағытталған игі қадам болды.
Басқа жаңалықтар

