Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атандыFarabi University

51

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атанды

4 сәуір, 2025

2025 жылғы 4 сәуірде шығыстану факультетінде жыл сайынғы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін келесі бағыттар бойынша ұсынды:

1. Шығыс елдерінің саясаты мен экономикасы, Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы

2. Шығыс тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері

3. Шығыс елдерінің қоғамы мен діні

4. Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті

Конференция қорытындысы бойынша Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, түрлі секцияларда жүлделі орындарға ие болды.

Жүлдегерлер:

Марат Аруна, 3 курс студенті — 1-орын

Абдуллах Аль-Зубейр, 1 курс студенті — 2-орын

Васильев Дмитрий, 3 курс студенті — 2-орын

Наурызғалиева Назерке, Ерланова Асем, Тағыбай Айсәуле, 4 курс студенттері — 3-орын

 

Бұл жетістіктер студенттердің академиялық жетілуінің, ғылыми әлеуетінің, сондай-ақ кафедра тарапынан ұсынылатын жоғары деңгейдегі даярлықтың айғағы болып табылады.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Олар ғылыми қызметке белсенді араласып, отандық және халықаралық шығыстану ғылымының дамуына үлес қосады деп сенеміз. Сонымен қатар, бұл жетістіктер университетіміздің ғылыми беделін нығайта түседі.

Жумажанова Фарида Токановна - Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., аға оқытушы